Питер Фостер: «Астана – экономикалық орталық!»

817
0
Бөлісу:

«Эйр Астана» әуе компаниясының басшысы Питер Фостер  Қазақстан халқын Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Эйр Астана»  16 жылдық қызметі ішінде әуе тасымалдаушы мегаполисті шетел астаналары мен ірі қалаларымен байланыстыру арқылы оның өркендеуіне едәуір үлес қосып келеді.

Әуе компанияның президенті Питер Фостер «Біз жас елорданы айрықша күнімен құттықтаймыз! Астана – еліміздің символы, экономикалық, қаржылық және мәдени орталық. Келешекте әуе компания Астанадан және Астанаға бағдарлық желіні ұлғайтуды жалғастырмақ. Астананы жақын және алыс шетелдегі ірі қалалармен байланыстырып, ыңғайлы бағыттармен қоса транзиттік мүмкіндіктерді ұлғайтпақ» деп болашақ жоспарымен де бөлісті.

Компания атауын да елорданың құрметіне қойған. Қазақстанның азаматтық авиациясының көшбасшысы 2002 жылы құрылған. Алғашқы сапарын Астана мен Алматы арасында 3 күнделікті рейстен бастаған. Бүгінде екі қала арасына күніне 9 рет қатынайды. Әуе компания Астанадан 23 халықаралық бағыт бойынша Ресей, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Қытай, Таиланд, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстанның астаналары мен үлкен қалаларына жолаушылар тасымалдайды. Оған қоса еліміздің 10 қаласына қатынайды.

Қазақстан арқылы транзиттік халықаралық жолаушылар саны 2010 жылдан бері 10,718 адамнан 2017 жылы  488,714 адамға дейін өсті, яғни әрбір 4-жолаушы транзиттік.

2018 жылы Астанадан Түмен мен Қазанға жаңа рейс ашты. Астанадан Лондонға рейстер күнделікті қатынайды. Халықаралық бағыттардың арасы жиіледі. Мұндай рейстер саны Астанадан 2011 жылмен салыстырғанда 4 есе көбейіп, аптасына 117 рейс ұшады. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті ұлғайту жоспарда бар.

Қазақстанға туристерді тарту үшін «Эйр Астана» Stopover Holiday бағдарламасын енгізген. Алғашқы тәулік үшін компания рейсімен келіп ары қарай ұшатын жолаушыға 1 АҚШ долларына қонақүй, таңғы ас пен әуежайдан қонақүйге және керісінше көлік ұсынылады.

Соңғы 2,5 жыл ішінде бағдарламаны 21 мың адам қолданған. Биыл компания Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы аумағында авиациялық- техникалық орталықты іске қосты. Онда меншікті және өзге әуе компаниялардың ұшақтарына техникалық қызмет көрсетіледі. Маршруттық желіні кеңейтуден басқа әуекомпания авиациялық-техникалық базаны жетілдіруде. Бұл Астана қаласының аймақтағы авиациялық және транзиттік хабы ретінде өркендеуіне жол ашады.

Майра БАҚЫТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*