ЕЛОРДА ӘЛЕМ КӨЗІМЕН

938
0
Бөлісу:

Барша әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасады. Бір ай бойы Малайзия, Словакия, Германия, Түркия, Франция, Индонезия, Беларусь, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінің фотоөнер шеберлері еліміздің бас қаласын суретке түсіріп, өздерінің үздік еңбектерін «Нұржол» желекжолында көпшілік назарына ұсынбақ.

Елорда төрінде 4-31 шілде аралығында Astana Around Us фотоөнер фестивалі өтеді. Экспозиция екі бөлімнен тұрады: 1-15 шілдеге дейін және 16-31 шілдеге дейін жалпы көрмеге Яман Ибрагим (Yaman Ibrahim, Малайзия), Раринда Пракарса (Rarindra Prakarsa, Индонезия), Даниэль Чонг (Daniel Cheong, Франция), Арслан Мұхаммед Біләл (Аrslan Muhammed Bilal, Түркия), Андрей Пугач (Беларусь), Сергей Федоров (Өзбекстан), Рузел Абдулла (Ruzely Abdullah, Малайзия), Стефан Шафер (Stefan Schaefer, Германия), Мирослав Петраско (Miroslav Petrasko, Словакия), Виктор Магдеев, Тұрар Қазанғапов, Игорь Югай және Валерий Аяпов (Қазақстан) сияқты 120 фотографтың туындылары қойылады. Фести­вальге қатысушылардың барлығы өз ісінің хас шеберлері және өз еңбектерін ірі халықаралық фотоэкспозицияларға шығарған жандар.
Astana Around Us фотокөрмесінің басты қонағы – «Санкт-Петербор суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, академик Александр Сайков.
Фестивальдің мақсаты – Астананың сәулетіне және сұлулығына қоғам назарын аудару және Қазақстанда фотосурет өнерін дамыту. Бұдан басқа, фестиваль фотогра­ф­тардың өзара танысу және қарым-қатынас алаңына айналмақ.

Бөлісу:

Пікір жазу


*