Данияр Ақышев: «Қаржы секторында блокчейн технологиялар қолданылады»

687
0
Бөлісу:

Бүгін Астанадағы Үкіметтің отырысында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Қаржы секторы цифрлы технологиялар белсенді түрде пайдалану мәселелерін жайында айтып берді.

Қаржы секторын цифрландырудың интернет және мобильдік қосымшалар арқылы онлайн қызметтер көрсету қаржы саласындағы ең маңызды үрдіс болғанын атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық банкте дерлік қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Мобильдік банкинг қызметтерін банктердің 60%-ы көрсетеді, олар банктердің бүкіл клиент базасының шамамен 90%-на қызмет көрсетеді. Бұл жүйелерде шамамен 10 миллион пайдаланушы тіркелген, олардың 30%-ы дерлік операцияларды тұрақты түрде жүргізеді. «Күн сайын халық цифрлы банкинг арқылы 6 миллиард теңге сомаға 400 мың транзакция жүргізеді. Бизнес субъектілері қаржы операцияларының жетпіс пайызына да қашықтан қызмет көрсетіледі» деді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы. Ол сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін мемлекеттік органдармен электрондық өзара іс-әрекет жасауға көшу іске асырылып жатқанын атап өтті. Ағымдағы сәтте мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасау үшін мыналар қамтылатын бірқатар жаңа сервистер енгізілді: банктердің бюджетке қабылданған төлемдер туралы ақпаратты жедел мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақы төлеуге бастама жасалған сәттен бастап, 15 минут ішінде мемлекеттік органдарға беру; заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелген кезеңде оларға электрондық үкімет арқылы банктік шотты онлайн ашу, қазіргі кезде 4 банк осы сервис арқылы қаржылық қызмет көрсетеді, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар, салық берешегі жөніндегі ақпаратқа жедел қолжетімділік алу үшін банктерді мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда. «Клиенттерге қаржылық қызмет көрсету кезінде олардан талап етілетін қағаз нысандағы анықтамаларды жою мәселелері қаржы секторы үшін маңызды болып отыр. Біз жүргізген талдау клиенттердің қазіргі кезде қаржы ұйымдарына анықтамалар мен мәліметтердің 40-қа жуық түрін қағаз нысанда беретінін көрсетіп отыр. Бүкіл осы ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерінде бар және қаржы ұйымдары оны мемлекеттік қорлардан тікелей алуына болады» деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы.

«Ұлттық банк жаңа технологияларды енгізуге байланысты жобаларды да іске асыруда. 2018 жылғы наурыздың соңында блокчейн технологиясы базасында Invest Online жүйесі іске қосылды. Осы платформаның көмегімен клиенттер онлайн режимінде Ұлттық банктің бағалы қағаздарына қаражатты орналастырады. Бүгінде жүйеде сатылған қағаздар көлемі 145 миллион теңгеден асып кетті» деді Данияр Ақышев.

www.nationalbank.kz

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*