АБАТ ҚАЛА АСТАНА

924
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл ел» жастар жасағының өкілдерімен бірге елорданың жасыл аймағына ағаш отырғызып, табиғатқа 150 қырғауыл ұшыру шарасына қатысты.

Қазақстан Президенті жастар­мен әңгімелесу барысында «жа­сыл белдеу» елорданы шаңды дауыл мен қарлы бораннан қорғау үшін табиғи тосқауыл ретінде жасалғанын еске салды.
– Орман – нағыз табиғи байлық әрі қолайлы тіршілік ор­тасын сақтаудың маңызды тетігі. Орман-тоғай қаладағы ауаны тазартып, ауа-райын жұмсартуға септігін тигізеді, – деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы Астананың «жасыл бел­деуінің» қазіргі жағдайы мен оны ары қарай дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Жиынға Президент Әкімшілі­гінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Премьер-министрдің орын­ба­сары – Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Ө.Шөкеев, Астана қала­сының әкімі Ә.Исекешев және Ақмола облысының әкімі М.Мыр­залин қатысты.
Қазақстан Президенті 20 жыл ішінде Астана төңірегінде табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйе қалыптасқанын атап өтті.
– Қала ішіндегі «жасыл бел­деудің» аумағы шамамен 15 мың гектарды қамтиды. Елорданың үлгісімен бүкіл Қазақстанда ағаш отырғызу қарқынын арттырған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ «жасыл белдеудің» және «Шортанды-Бурабай» ши­пажай аймағының орман-тоғай­ла­рын қосу жөніндегі ауқымды жұ­­мыс алдағы жылдары жалға­са­ты­нын айтты.
Атап айтқанда, Астана – Қарағанды және Астана – Шор­танды тас жолдарының бойын­­­­дағы бір мың гектардан астам жерге ағаш отырғызылатын бо­лады.
Кеңес қорытындысы бойын­ша Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, сон­дай-ақ Астана және Ақмола облысы әкімдіктеріне елорда тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын ұйымдастыру үшін жасыл аймақты одан ары дамыту және орман алқабын пай­далану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*