ҚАУІПСІЗДІККЕ МӘН БЕРІЛЕДІ

461
0
Бөлісу:

Қазақстан мен Өзбекстан қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермек­баевтың және Өзбекстан президенті жа­нындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың төрағалығымен өткен келіссөздер барысында өңірлік қауіпсіздік пен екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәсе­лелері қарастырылды. Жиынға орталық мемлекеттік органдар басшылары да қатысты.
Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, Орталық Азиядағы қазіргі ахуал мен оның даму перспективалары, сондай-ақ әскери-техни­калық және әскери салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру және кеңейту мәселелері талқыланды. Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, кедендік бақы­лау, азаматтық авиациядағы қауіпсіздікті же­тілдіру аясындағы ынтымақтастық мәселе­лері де күн тәртібіне шығарылды.
Кездесу барысында тараптар өткізу бекет­терін, автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру және жаңғырту, сондай-ақ Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы ірге­лес аумақты реттеуге бағытталған Жол карта­сындағы тармақтардың орындалуының алдын ала шығарылған қорытындыларын қарас­тырды.
Жұмыс қорытындысы бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсыр­малар берілді.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*