Балалар саяхатқа шықты

1006
0
Бөлісу:

Астананың 20 жылдығы республикамыздың түкпір-түк­пірінде арнайы іс-шаралармен атап өтілуде. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының барлық құрылымдық бөлімшелері де мерейлі күнге орай түрлі деңгейде шаралар ұйым­дастырып, мерейлі мерекенің шырайын келтіруде.
Мәселен, партияның Арал аудандық филиалы бұған дейін Астананың төл құрдастарымен кездесу өткізіп, Елордамыздың жеткен жетістіктерін солардың бей­несі арқылы насихаттауға үлес қосса, енді ауданға белгілі азамат­тардың басын қосып, оларды сұлу қаланы саяхаттауға шығарып салды. Бұл шара жастардың са­на­ла­рына патриоттық түсінік қалы­птас­тыратындығы сөзсіз. Жастармен әңгімелескен аға буын, Астанаға осыдан 10 жыл бұрын барған сапарлары туралы әңгімелеп, оларға әлемді өзіне қаратқан Еуразияның жүрегі – Астана қаласына барып, әдемілігі мен заманауи екеніне көз жеткізіп қайтуға кеңес берді.
– Астана – таңғалдырудан жалықпайтын қала. Әр барған сайын жаңа, тың дүниені көзің шалады. Ондағы әрбір ғимарат бел­гілі бір тарихтан сыр шертеді, – деді саяхатқа аттанушы Арал аудан­дық мәслихатының хатшысы Дәуренбек Мадинов.
Өз кезегінде жастар үлкендердің өсиетін аса қызығушылықпен тыңдап, алдағы уақытта мүмкіндікті жібермейтіндіктерін жеткізді. Саяхатқа қатысушыларға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұжымы рухани қолдау көрсетіп, сәт сапар тіледі.

Сералы Мейіржан

Бөлісу:

Пікір жазу


*