«Алтын сақа» – Ақтауда

3199
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен аймақтағы «Жас Отан» Жастар қанаты 10-11 жас аралығындағы балалар арасында «Алтын сақа» асық ату турнирін ұйымдастырды.

Астана қаласының 20 жылдығына орай, Ақтау ойын-сауық орталығының спорт алаңында өткен шараға Ақтау футбол клубының өрендері қатысты. Олар «дөңгелек» деп аталатын асық ату ойынын ойнады. Балалардың жаттықтырушысы Руслан Чапаевтың айтуынша, топта асық ойнайтын балалар көп.
– Асық ойынын біздер «кости», яғни сүйек деп атаймыз. Өз басым, асық ойнай алмаймын. Бірақ балаларға қарап отырсам, олардың сақамен ойнауға қызығушылығы доп тебуден кем емес, – деді ол.
Балалар арасында асық атудан топжарған Ерасылды қатарластары аяқдоп ойынында да үздік екендігін атап өтті. Ойын соңында ұйымдастырушылар балаларға кішігірім сый-сыяпат көрсетіп, естелік сыйлықтар үлестірді.

Ақтамберді САДЫҚАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*