Шығыстағы шырайлы сапар

830
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына ресми сапармен барды. Сапар барысында өңірдің өндірістік әлеуеті мен салалық дамуына қорытынды жасаған Президент жергілікті кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге арнайы барып, жұмысымен танысты.

Елбасы «№1 Өскемен қалалық ауру­ха­насы» коммуналдық мемлекеттік кә­сіпорны­ның базасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш роботтан­ды­рылған хирургия орталығында болды. Заманауи операциялық-цифрлы ке­шеннің жұмысы мен даму перспек­тивалары жөнінде ақпарат тыңдаған Мемлекет басшысы телекөпір режи­мінде Аягөз және Зырян аудандарындағы инсульт­тік орталықтардың ұжымда­рымен әңгіме­лесті. Елбасы шалғай елді­мекендерде меди­циналық орталықтар салу мақсатында мем­лекет тарапынан атқарылып жатқан жұ­мыстардың нәти­жесіне тоқталып, жүрек-қан тамыры ауруларын емдеу сапасын жақ­сартудың және бала мен ана өлімін алдын-алудың маңыздылығын атап өтті.
– Қазақстанның әрбір облысында жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болатын­дардың санын азайту мақса­тымен жүрекке ота жасайтын медици­налық орталықтар салынды. Қазіргі уақытта өлім-жітім көрсет­кішін төмен­дете алдық, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев саламатты өмір салтын дағдыға айналдыру көп дертті болдырмауға, халықтың денсаулығын ны­ғайтуға үлес қосатынын баса айтып, тиімді насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.
– Біздің денсаулығымыздың 10-15 пайызы ғана дәрігерлер мен медицинаға, қалғаны өзіміздің өмір сүру салтымызға байланысты. Болашақ нәрестенің ден­саулығы ананың денсаулығына байла­нысты екенін түсіндіру қажет, – деді Мем­лекет басшысы. Президент ден­сау­лық сақтау саласындағы роботтан­ды­рыл­­ған хирургия жүйелерінің тиім­ділігін атап, медицина саласындағы кадрларды са­палы даярлауды қамта­масыз етудің қажеттігін де назардан тыс қалдырмады.
Шығыс Қазақстан облысында Мем­­лекет басшысы арнайы барған тағы бір нысан – шығынсыз сумен қамтамасыз ету қондыр­ғыларында бекіре тұқымдас балық өсіруге маман­данған кәсіпорын. OstFish жауапкер­шілігі шектеулі серік­тестігі қызметкер­лері Елбасын балық­тың осы тұқымынан уыл­дырық алудың технологиялық үдерісімен таныстырып, 2022 жылға қарай жылына
45 тонна бе­кіре етін өндіріп, 4 тонна қара уыл­­дырық алу туралы жоспарымен бөлісті.
Қазақстан Президенті SV өнеркәсіп­тік жабдықтарды шығаратын «Силумин-Восток» жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігі зауытында да болды. Кә­сіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энер­гетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжини­рингтік қызмет көрсету ісіне маманданған. Нысанды аралау барысында Мемлекет бас­шысы құбыр жүргізу кезінде қолданы­латын арматуралар, насостық құрал-жаб­дықтар, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайын­­дау үдерісімен танысты. Одан ары кәсіпорын ұжымымен әңгіме құрған Президент Шығыс Қазақстан облысы­ның өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қар­қыны жөніндегі ойын ортаға салды.
– Өңірде өнеркәсіп саласы өр­кендеп, индустриялық бағдарлама аясында 46 жоба жүзеге асырылды. Жаңа жұмыс орын­да­рымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұ­мыс­қа орналасты, – деді Мемлекет бас­шысы. Кездесу соңында Н.Назарбаев кә­сіпорын жұмысшыларына табыс тілеп, өн­дірістік көрсеткіштердің одан ары арта беруіне ниеттестік біл­дірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*