Жастардың игі шарасы

841
0
Бөлісу:

Орал қаласындағы «Атлант» спорт кешенінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен баскетболдан қайырымдылық турнир өтті.

«Жасотандықтардың» аталған ша­ра­­дағы ең басты мақсаты – жастар ара­сында салауатты өмір салтын наси­хаттай отырып, CDKL5 cиндромы, эпилептикалық энцефалопатия, церебральды паралияның атони-астатикалық түрі, екі көздің оптикалық нервтерінің ішінара атрофиясы диаг­нозы қойылған Азамат Ару есімді бүл­діршіннің еміне материалдық көмек ретінде, қаражат жинауға көмектесу.
Жарысқа «Жасыл Ел», «Орал – 1», «Орал – 2», «Феберлик», Ғ.Құрманға­лиев атындағы облыстық филармония құрамасы, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Жас Отан» және «Намыс» командалары қатысты.
Қатысушы әр команда 10 мың теңге көлемінде командалық төлемақы беріп, жалпы көмекке 80 мың теңге қаражат жиналды. Жиналған барлық қаражат Арудың анасына табысталды.
Қызыққа толы турнир қорытын­дысы бойынша «Орал – 2» тобы – 1 орын, «Орал –1» тобы – 2 орын, ал «Намыс» тобы 3 орынды иемденді.

Назгүл ҚОЖАНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*