Акция аясында қайырымдылық ұйымдастырылды

742
0
Бөлісу:

Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, «20 игі іс» партиялық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Мәслихат депутаттары, партия фрак­циясы мүшелерінің демеушілігімен Абай ауданындағы аз қамтылған отбасының балалары мектеп формалары және оқуға қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Ұйымдастырушылар алғашқы болып Шымкент қаласының Абай ауданында тұратын Мамахановтар отбасына барды. Бұл отбасында 5 бала бар. Үшеуі жалпы білім беретін №4 мектептің оқушылары. Бұл отбасыға мектеп формасы және оқу құрал-жабдықтары табысталды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, партиялық фракция мүшесі Мурад Урма­нов балақайларға сый-сияпат тапсыра отырып, мұқтаж отбасы мүшелері назар­дан тыс қалмайтындығын жеткізді.
– Сіздерді жаңа оқу жылы қарсаңында қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ете­міз. Енді жақсы оқып, еліміздің нағыз аза­маттары болыңыздар, – деп бүл­дір­шіндерге оқуда табыс тіледі.
Акция барысында аз қамтамасыз етілген Ильясовтар отбасының мектеп жасына дейінгі балаларына ойыншықтар мен жазда шомылу үшін үрмелі бассейн сыйға тартылды.
– Астана қаласының 20 жылдығы қар­саңында бірқатар іс-шаралар жоспар­ладық, соның ішінде бүгінгі шара өз деңгейінде өтуде. Елордамыздың құрме­тіне бүлдіршіндерге сыйлық жасап, көңілін көтердік. Партия ұйымдары жыл сайын аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына тиісті қамқорлық жасап, көмек көрсетуді естен шығармайды, – деді «Нұр Отан» партиясы «Оңтүстік Су» фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Абидин Сәкенов.
Балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған шара соңында депутаттар көмекке мұқтаж екі отбасын алдағы уақытта қамқорлыққа алу туралы шешімге келді.

Жамбыл Қырғызбай

Бөлісу:

Пікір жазу


*