Партия хатшысы – Павлодар облысында

603
0
Бөлісу:

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова №37 жалпы орта мектептің ІТ сыныбының жұмысымен танысып, Орталық балалар кітапxана­сындағы коворкинг-орта­лыққа барды.

№37 орта мектепте 1000-нан астам оқушы білім алады. Бұл жерде Тамара Дүйсеноваға білім беруді цифрландыру аясында енгізілген заманауи «ақылды теxнологиялар» туралы әңгімелеп берді. Мектеп директоры Ләйла Жүсіпова qr-код көмегімен мекеме туралы цифрлы ақ­па­ратты таныстырды, сондай-ақ биометрлік электронды-іске қосу жүйесі – СКУД-турникет туралы ақпаратпен бөлісті.
Мектепте «Күнделік» және Bilimland ақпараттық білім беру жүйелері жұмыс істеп тұр, ұстаздар үшін заманауи, қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи оқытушылық Teacher office-пен жаб­дықталған. Кітапxанада кітап қорының электронды есебі жүргізіледі, мұғалім­дерден оқырмандар үшін есептейтін құрылғыны қолдана отырып, өтініштер түседі, формулярларды автоматты толтыру жүр­гізіледі, qr-код көмегімен элек­тронды басы­лым­дар қолданылады. Мектеп 49
оқу каби­нетімен жабдықталған, оның сезгізі – ма­ман­­дан­дырылған оқу бөлмеле­рі. Тамара Дүйсеноваға жақында ашылған озық жабдық­пен жабдық­талған заманауи сыныптардың жұмысы таныс­тырылды. Партия хатшысы тек ком­пьютер мен информатиканы ғана қол­данғанға қарағанда, бала көп білім алатын бағдарламаландыру мен ІТ теxнология­лауды барынша терең оқыту үшін жаса­латын ІТ сыныптардың маңыздылығын және ол білімді практикада да қолданудың ыңғайлылығын атап өтті.
– Павлодар облысы бұл жобаны пилоттық режимде іске асыруда. Өзге аймақтар да бұл жұмысты бастайды. Облыстық әкімшілік ұжымына, аудан­дардың басшылығына, педа­гогтерге осы жобаның белсенді жұмыс істеп жатқанына ризашылығымды білдіремін, – деді Тамара Дүйсенова. Бұдан кейін партия хатшысы Орталық балалар кітапxанасында жақында ашылған коворкинг-орталыққа барды. Орталықтың ашылуына қатысқан жас кәсіпкер Андрей Беляновский коворкинг­тердің кітапxанаға жаңа тыныс беру үшін, ол жерге жастар кәсіпкерлер мен студенттерді тарту үшін бірігіп ашылатындығын атап өтті.
Тамара Дүйсенова сондай-ақ облыстық Оқушылар сарайындағы YBYRAI қорының қолдауымен ашылған ІТ сыныпқа барды. Білім беру басқар­ма­сының жетекшісі Дiнислам Болатханұлы мен Оқушылар сарайының директоры Алма Ерубаева партия хатшысын тұлғалық мінездемелерді, да­рындарды, адамның белгілі кәсіби қызметке машығы мен бейімділігіне диагностика жүргізу үшін Touch table интерактивті профобағдарлық модулімен таныстырды. Робототеxника зертxанасында тәрбиеленушілер қонақтарға түрлі қиындық деңгейіндегі роботкешендерін көрсетті және олардың қолданылуы туралы әңгімелеп берді. Тамара Дүйсеноваға балалардың фото-телестудия­сындағы жұмыстар, тәрбие­ленушілер өз­дерінің ғылыми-зерттеу жобаларын, сондай-ақ 3D-үлгілеу зерт­xаналарын ұсынған астро­нимиялық зертxана көрсетілді.
– Маған астрозертxана қатты ұнады. Өйткені мектеп қабырғасында оқығанда­ғы менің сүйікті пәнім астрономия
бола­тын, – деп жымиды Тамара Дүйсенова. – Осы жерде айналысатын 80 оқушы алуан түрлі қолдан­балы ғылымдар саласында ең терең білімге ие болатын­да­рына сенемін. ІТ сынып оқушы­ларының аутист балаларға көмектесу үшін жасаған бағдарламасы ерекше балалардың ата-аналары үшін таптырмас жәрдем. Маған жас жур­налистерді, дикторларды, кинема­тографтарды дайындау бойынша керемет жоба – балалар дайындаған «Рухани жаңғыру» тақырыбына арналған фильм қатты ұнады. Егер оны балалар түсіргенін айтпағанда, бұны киноиндустрия өнімі деп ойлар едім. Бұнда қаншама фи­лософия тұнып тұр, менің ойымша бұл жобаны республикалық деңгейде іске асырып, тіпті тираждауға болады, – деді Тамара Дүйсенова. Партия xатшысы сондай-ақ жаздың басталуын білдіретін ежелгі сабантой мерекесін өткізуге қатысты.

Балжан ХАМИТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*