Швейцария делегациясы келеді

603
0
Бөлісу:

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Урс Шмидті қабылдады. Қ.Тоқаев Қазақстанның Еуропадағы сауда, инвестиция және сыртқы саясаттағы маңызды әріптесі болып табылатын Швейцариямен екіжақты қатынастарының қарқынды сипатын атап өтті. 

Сенат басшысы екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтары сындарлы рөл атқаратын парламентаралық үнқатысудың барысын жоғары бағалады. Қазақстан мен Швейцария парламентшілері халықаралық парламенттік ұйымдарда, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблея аясында табысты ынтымақтасып келеді.
Өз кезегінде елші мырза алдағы 9-12 шілдеде экономикалық ынты­мақ­тастықтың мәселелерін қарастыру және талқылау үшін келетін Экономика, білім және зерттеулер министрі Йоханн Шнайдер-Амманн бастаған сауда-инвестициялық делегациясының сапары туралы хабардар етті. Оның айтуынша, Қазақстанның Еуразиядағы рөлі мен орнын ескере отырып, Берн бұл сапарға баса назар аударып отыр.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*