ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫ – ОН ЖЕТІНШІ АЙМАҚ

1144
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды.
Мемлекет басшысы Жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент мил­­лионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты.
– Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын Жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәр­тебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшіріледі, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысында жаңа әкімшілік функция­ларды сапалы іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, қабылданған шешімнің тарихи мәніне тоқталды.
– Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, техноло­гиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналады. Бұл үшін барлық жағдай мен қажетті әлеует бар, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті Шымкенттің респуб­ли­калық мәртебе алуы оның одан әрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне және қаланың алдында жаңа перспективалар ашылатынына сенім білдірді.
Қол қою рәсімінің соңында Мемлекет бас­шысы Президент әкімшілігіне, Үкіметке және Облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі шұғыл іске асыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен ме­кемелердің үздіксіз әрі тиімді қызметін қам­тамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*