Колумбия – Жапония матчы не үшін қызық?

801
0
Бөлісу:

Аз уақыттан соң Н тобындағы Колумбия – Жапония матчы басталады. Ойынды тікелей эфирде QazSport телеарнасынан тамашалауға болады.

Осы ретте қос команда туралы қызық деректерді назарларыңызға ұсына отырайық.

ЧЕМПИОНДАР СҮРІНІП БАСТАҒАН ЧЕМПИОНАТ

Қос құрама 2014 жылғы әлем чемпионатында да кездескен. Ол кезде 4:1 есебімен оңтүстік америкалықтар жеңіске жеткен еді. Жалпы, Колумбия азиялық ұжымнан бірде бір рет жеңіліп көрмеген. Бүгінде сол сәтті жорығын жалғастырады дейді мамандар. Ал Жапония болса әлем чемпионатында өзіне қарсы келген Оңтүстік Американың бірде бір құрамасын «жерге қарата» алмапты. Бүгін енді Кейсуке Хонда мен Синдзи Кагава бастаған жігіттер намысқа тырысып, Колумбияның жұлдызды құрамын жеңуге тырысып бағатын шығар.

ГОЛ ЖАУҒАН КҮН: БЕЛЬГИЯ МЕН ШВЕЦИЯ ТУРНИРДІ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ (ВИДЕО)

Колумбия өзінің алтыншы әлем чемпионатына қатысуда. Төрт жыл бұрын Бразилиядағы доп додасына келемін дегенше үш рет қатарынан іріктеуден өте алмай, мундиальдан тыс қалған. Жалпы, төрт жыл бұрынғы дода Хосе Пекерманның командасы үшін табысты өтті. Олар өз тобынан бірінші орынмен шығып, жалпы саны төрт жеңіс еншілеген.

Колумбияның старттық құрамы: Давид Оспина, Оскар Мурильо, Сантьяго Ариас, Йохан Мохика, Давинсон Санчес, Карлос Санчес, Хуан Куадрадо, Жефферсон Лерма, Хуан Кинтеро, Радамель Фалькао, Хосе Искьердо.

Жапонияның старттық құрамы: Эйдзи Кавасима, Гэн Седзи, Юто Нагатомо, Хироки Сакаи, Майя Йосида, Гаку Сибасаки, Генки Харагути, Синдзи Кагава, Такаси Инуи, Макото Хасебе, Юйя Осако.

ХОРВАТИЯ ФУТБОЛШЫСЫ ӘЧ-ДЕН ҚУЫЛДЫ, САЛАХ ТАС-ТҮЙІН ДАЙЫН: МУНДИАЛЬ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Айтпақшы, Жапония ханшайымы Хисако Такамадо бүгін Саранскке келіп, Колумбия – Жапония матчын өз көзімен тамашаламақ. 64 жастағы Такамадо  Жапон футбол қауымдастығының төрағасы. Ол 1998 жылдан бері бірде бір әлем чемпионатын жібермей, тікелей көріп келе жатыр. Сондай-ақ оның бұл сапары Жапония императорлық отбасы мүшесінің Ресейге жасаған алғашқы сапары екенін де айта кету ләзім.

Сондай-ақ бүгін Астана уақытымен 21:00-де Польша мен Сенегал кездесіп, әлем чемпионаты топтық турнирінің бірінші турына нүкте қояды. Ал түнгі 00:00-де Ресей-Египет кездесуі екінші турдың шымылдығын түрмек. Аталған екі кездесуді Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауғаболады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*