ӘЧ үшінші күн: Бүгін кімдер ойнайды?

Бүгін әлем чемпионатының үшінші күні. Жеңістер мен жеңілістер, сұлу голдар мен жарақаттарға рет-ретімен куә болудамыз. Әзірге матч есептеріне байланысты айтарлықтай сенсация бола қойған жоқ.
Әлем чемпионатының екінші күніндегі ойындар тартысқа толы болды. А тобындағы екінші ойында Уругвай құрамасы Египеттен басым түсті. Бұл матчта мысырлықтардың басты көзірі Мохамед Салах алаңға шыққан жоқ. Екатеринбургте өткен матч 1:0 есебімен оңтүстік америкалық команданың жеңісімен аяқталды. Жеңіс голын мадридтік «Атлетикода» ойнайтын Хосе Хименес 89 минутта соқты.
FIFA-2018: АСТАНА УАҚЫТЫ БОЙЫНША ОЙЫНДАРДЫҢ ТОЛЫҚ КЕСТЕСІ
Ал В тобындағы Марокко мен Иран арасындағы кездесу 0:1 есебімен ирандықтардың пайдасына шешілді. 62 548 адам тамашалаған кездесудегі жалқы голдың авторы – Азиз Бухаддуз. Гол матчтың қосымша минутында (90+5) соғылды.
Бұдан кейінгі Португалия – Испания кездесуін көпшілік жанкүйерлердің асыға күткені анық. Тиісінше қос үздік құрама жоғары деңгейдегі ойындарымен тәнті ете алды. Бұл ойында Роналду әлем чемпионатындағы алғашқы хет-трикті жасады. Есеп 3:3.
Ал бүгін бізді төрт матч күтеді.
С тобы. Франция – Австралия 16:00. Qazsport.
Д тобы. Аргентина – Исландия 19:00. Qazaqstan.
С тобы. Перу – Дания 22:00. Qazsport.
Д тобы. Хорватия – Нигерия 01:00. Qazaqstan.
Абай Аймағамбет