Головкин – «Канело» жекпе-жегінің ресми промо-ролигі пайда болды (видео)

879
0
Бөлісу:

Golden Boy промоутерлік компаниясы WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванш кездесудің ресми ролигін жариялады. 

Бейнежазбада боксшылардың бірінші жекпе-жегінің үзінділері мен баспасөз мәслихатындағы сәттер топтастырылған.

«Біз болуға тиісті нәрсені жүзеге асырдық» дейді роликте Альварес. Головкин мен «Канело» екінші мәрте Лас-Вегаста 15 қыркүйек күні кездеспек. Былтыр 16 қыркүйекте T-Mobile аренада өткен алғашқы кездесу тең аяқталған.

#CaneloGGG2 9.15.18 @hboboxing PPV?

A post shared by Golden Boy Promotions (@goldenboyboxing) on

Бұл жекпе-жекті бокс әлемі көптен күткен болатын. Алғашқыда реванш 5 мамырға жоспарланғанымен, кейінірек Альварес допинг дауына ілініп, кездесу кейінге шегерілді. Ал Головкин сол күні америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен кездесіп, нокаут арқылы жеңіске жетті.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*