Байланысты дамытуға мән берілді

891
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монғолия президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Халтмаагийн Баттулганы прези­дент­тік сайлаудағы жеңі­сі­мен құттықтап, Қазақ­станның барлық бағыт бойынша ынты­мақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.
– Биыл Қазақстан Республи­ка­сы мен Монғолия арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақ­тастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 25 жыл толады. Бұл құжат көпғасырлық достық және тату көршілік дәстүрі бар елдеріміз арасындағы ынтымақ­тас­тық­ты дәйекті дамыту жолында маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.
Халтмаагийн Баттулга өзінің Монғолия президенті болып сайлануымен және туған күнімен құттықтағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.
– Мен сіздің жұмысыңызды мұ­қият бақылап отырамын және жаңа елорда – Астана қаласын сал­ға­ныңызды білемін. Мен Монғо­лия­ның құрылыс министрі болған кез­де де Қазақстан тәжіри­бесін көп зерт­тедім. Біз де еліміздің астанасы – Ұлан-Батор қаласының төңіре­гінде Майтар қаласын салу мүм­кіндігін қарастырып жатырмыз, – деді Монғолия президенті.
Соңында Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне тоқталып, Мон­ғолияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына атсалысуға деген ұмтылысын Қазақстанның қолдайтынын айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз