Құжатты жыртатын президент

893
0
Бөлісу:

Ондай да президент бар екен. Кім дейсіз ғой? Ақ үйдің басшысы –Дональд Трамп. Ақ үй әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Дональд Трамптың жағымсыз әдетін барын айтып қалған.

Ақ үй басшысы ашуға мінсе, өзі қол қойған ресми құжаттың барлығын жыртып тастайды екен. Негізінен ол қағазды ортасынан қақ бөледі. Тіпті кейде майдалап, ұсақтап, туралып тастайтын да әдеті бар көрінеді. Мұндай жағдайда канцелярия қызметкерлеріне тіпті қиын тиеді. Амалдың жоғынан олар қақ бөлінген немесе ұсақталған қағазды желімдеп қалпына келтіреді. Бұл туралы ақпаратты «Политика» басылымы жария етті. Ал ақиқатына келсек, қол қойылған ресми құжаттар мұрағатқа өткізілуі керек.  Алайда осы уақытқа дейін Дональд Трамптың бұл әдетін ешкім қойдыра алмай отырған көрінеді. Бұрынғы президент Барак Обама болса, өзі қол қойған барлық құжатты Ұлттық мұрағатқа өткізуге кеңес береді екен.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*