Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Боб Аруммен келісімшартқа отырды

1009
0
Бөлісу:

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді әйгілі промоутер Боб Арумның қол астында жаттығатын болды. 

Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан хабарлады.

«Сүйінші, ағайын! Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Атақты Боб Арум енді Әлімханұлының промоутері!» деп жазды ол желіде.

Еске салсақ, осы жылдың қаңтар айында Жәнібек әуесқой бокспен біржола қош айтысып, тіпті спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екендігі жайлы да қауесет тараған. Ол Қазақстан чемпионатында 19 жастағы Михаил Коханчиктен жеңілгеннен кейін осындай шешім қабылдаған.

Кәсіпқой шаршы алаңда ол екі кездесу өткізіп үлгерді. 2016 жылдың қазан айында ол колумбиялық Милтон Нуньесті (35-18-1, 31 КО) техникалық нокаутпен жеңсе, былтыр қыркүйек айында Астанада бразилиялық Жильберто Перейра дос Сантосты (14-7, 10 КО) жеңді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*