Қытай мен Үндістан азаматтары елімізге 72 сағаттық визасыз режиммен келе алатын болды

742
0
Бөлісу:

Енді Астана мен Алматы халықаралық әуежайы арқылы транзиттік жолмен және қазақстандық әуе компанияларымен ұшқан ҚХР және Үндістан елінің азаматтары визасыз режиммен Қазақстанда 72 сағат аялдай алатын болды. Аталған құжатқа премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қол қойыпты.

72 сағаттық визасыз режимді пайдаланушы шетелдіктерді ҚР ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекаралардағы өткізу бекеттерінде тіркейді. Оларға мемлекеттік шекараны кесіп өту уақыты жазылған арнайы миграциялық карточкалар беріледі.

Қазақстандық әуе компаниялары Астана мен Алматы халықаралық әуежайына рейстер келемін дегенше ҚР ІІМ мен шекара қызметіне 72 сағаттық визасыз режимді пайдаланушылардың тізімін ұсынуы тиіс. Егер Қытай мен Үндістан азаматтары визасыз режимді бұзатын болса, олар өз қаражаттарына елден шығарылады. Егер олардың өз ақшасы болмаған жағдайда, шетелдіктердің шығынын оларды алып келген әуе компаниялары көтеруі керек.

Абай Аймағамбет

Фото (mgov.kz)

Бөлісу:

Пікір жазу


*