Алматыда дінтанушылар түсіндіру шараларын өткізді

880
0
Бөлісу:

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында бірқатар профилактикалық шаралар өткізді.

Топ құрамында білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдардың, ғылыми, сарапшылық қоғамдастықтардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері қала мешітттерінің жамағатымен кездесті.

Сонымен қатар, қаланың діншіл әйелдері арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Айталық, теологтар және дінтанушылардың қатысуымен қайырымдылық мекемелерінің тәрбиеленушілері, базарлардың, сауда үйлерінің әкімшілігі мен сатушыларымен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын азаматтары және олардың отбасы мүшелерімен атаулы, жеке кездесулер жүргізілді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының аясында әйел жамағаты өкілдері үшін психологиялық-дінтанушылық консультациялар ұйымдастырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметшілері үшін семинар жүргізіліп, сондай-ақ қаланың түзеу мекемелерінде діни экстремизм және терроризм үшін сотталғандармен кездесулер болды.

Жалпы профилактикалық және жеке кездесулер барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерді түсіндіруге ерекше назар аударды.

 

Айнұр Қазыкенова

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*