Кітапханада ашық есік күні өтті

902
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім беру орталықтары» атты партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында Көкшетау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ашық есік күні өтті.
Жиында облыстың түкпір түкпірінен жиналған кітапханашылар жуырда ашылған заманауи коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Аталған коворкинг орталығы «Нұр Отан» партиясы Ақмола обылстық филиалының бастамасымен ашылып, бұл жерде жастардың кітап оқуына, шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған. «Қазақстан кітапханалары» партиялық жобасының мақсаты да осы міндетті арқалап, кітапханаларға жастарды мейлінше көп тартуға бағытталған. «Ктіпахана жүйесіндегі ақпараттық қызметтер бүгінде бірқатар оқырманды қызықтырып, оқушылар санының көбеюіне алып келді. Кітапханамыздағы «Рухани жаңғыру» залы, коворкинг орталығы қала халқының сүйікті орындарына айналды. Оқырмандар Қазақстанның сакралды аймақтарымен, жаңа келіп түскен кітаптармен танысып, латын қарпін үйренуге барлық жағдай жасалған»,¬ – дейді облыстық кітапхана жетекшісі Талғат Ыбыраев.
Ашық есік күнін ашып, салтанатты жағдайда облыстық кітапханалар жүйесінің бірқатар қызметкерін алғыс хаттармен марапаттаған мекеме жетекшісі Талғат Ыбыраев партияның облыстық филиалы жетекшілеріне көрсетілген көмек пен қолдау үшін зор ризашылығын білдірді.
Шара «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында жалғасып, кітапхана қызметкерлері жаңадан ашылған коворкинг орталығының жұмысымен танысты.
Жалпы, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада 364 мың кітап қоры бар. Олардың 122 мыңнан астамы цифрланған. Еліміздің бірегей-онлайн кітапхана жүйесіне 279 кітаптың электронды нұсқасы жіберілген. Бұл жұмыстың барлығы «Нұр Отан» партиясының жобалары аясында жүзеге асуда.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*