Қазақстан – Әзірбайжан: бүгін тоғызыншы кездесу

887
0
Бөлісу:

Бүгін Астана аренада 20:00-де Қазақстан — Әзірбайжан жолдастық кездесуі өткізіледі. Бұл Ұлттар лигасына дайындықтың бір кезеңі болмақ.

Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары өзара 8 кездесу өткізген. Отандастарымыз 3 рет, әзірбайжандар 2 рет жеңіске жетті, 3 ойын тең аяқталды.

1. 28. 04.2004 ж. Алматы. Қазақстан – Әзірбайжан – 2:3 (Карпович, 56, Лунев, 80 – Нәбиев, 33, Гулиев, 60, Садығов, 85). Жолдастық кездесу.
2. 06.09.2006 ж. Баку. Әзірбайжан – Қазақстан – 1:1 (Ладага, 16 – Бяков, 35). Еуропа чемпионатына іріктеу.
3. 09.03.2007 ж. Шымкент. Қазақстан – Әзірбайжан – 1:0 (Финонченко, 80). Халықаралық турнир
4. 06.06.2007 ж. Алматы. Қазақстан – Әзірбайжан – 1:1 (Балтиев, 53 – Нәдіров, 30). Еуропа чемпионатына іріктеу.
5. 03.02.2008 ж. Анталия. Қазақстан – Әзірбайжан – 0:0. Жолдастық кездесу.
6. 03.06.2011 ж. Астана. Қазақстан – Әзірбайжан – 2:1 (Гридин, 57, 68 – Нәдіров, 63). Еуропа чемпионатына іріктеу.
7. 06.09.2011 ж. Баку. Әзірбайжан – Қазақстан – 3:2 (Әлиев, 53, Шүкіров, 62-пенальтиден, Жавадов, 68 – (Остапенко, 20, В.Евстигнеев, 77). Еуропа чемпионатына іріктеу.
8. 26.03.2016 ж. Анталия. Әзірбайжан – Қазақстан – 0:1 (Байжанов, 8). Жолдастық кездесу.

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ескеруге тұратын деректер:

  • Әзірбайжан құрамасы – Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жиі кездескен (8 рет) қарсылас. Екінші-үшінші орында – Армения мен Қырғызстан (7 реттен).
  • Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен іріктеу турнирдерінде екі рет қарсылас болды. Ресми турнирлердегі ең жиі қарсыласымыз – Түркия (3 рет). Әзірбайжан, Польша, Германия, Дания, Украина, Австрия, Бельгия, Ирак құрамаларымен екі іріктеу кезеңдерінде жолымыз түйісті.
  • Екі құраманың 2004 жылғы алғашқы кездесуінен кейін (Алматы, жолдастық кездесу), Қазақстан құрамасының сол кездегі бас бапкері Леонид Пахомов отставкаға кетті.
  • Еуро – 2008 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дмитрий Бяков алғашқы добын Әзірбайжан қақпасына соқты. Іріктеу кезеңінің соңына дейін ол тағы 4 гол авторы атанып, іріктеу кезеңінің мергендері қатарына енді. Өкінішке қарай, Бяковтан кейін әлі ешбір футболшымыз іріктеу кезеңдерінде 5 гол соққан жоқ.
  • 2007 жылы Шымкентте өткен «Алма-TV» кубогында шабуылшы Андрей Финонченко алаңға шыға салып, бірінші соққысымен-ақ жеңіс голын соқты. Ол А.Кучма әуелеткен айып добын қақпаға баспен тоғытты.
  • 2011 жылы Бакуде Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен кездесуде Виталий Евстигнеев те Финонченконың жетістігін қайталады. Ол алаңға шыға салып, алыстан теуіп, есеп айырмасын қысқартты.
  • Осы кездесуде Әзірбайжан құрамасы екі команда текетіресі тарихындағы әзірше жалғыз жігерлі жеңіске жетті. (Остапенко есеп ашты, ары қарай әзірбайжандар үш гол соқты, Евстигнеев есеп айырмасын қысқартты).
  • 2001 жылдың маусымында Әзірбайжан қақпасына соққан қос добынан кейін шабуылшы Сергей Гридин мүлде көзге түсе алған жоқ (11 матч, 0 гол).
  • Мақсат Байжанов Қазақстан құрамасы сапындағы әзірше жалғыз голын Әзірбайжан қақпасына енгізді (2016 жыл).
  • 8 кездесудің біреуінде ғана қос қарсылас есеп аша алмады (2008 жыл).
  • Екі құраманың 8 кездесуінде қақпаларға 2 рет пенальти белгіленді. Екеуі де Қазақстан қақпасына белгіленді. Алғашқы пенальтиді (2008 жыл, М.Рамазанов) қақпашымыз А.Мокин қайтарса, екіншісін (2011 жыл) Махир Шүкіров дәл енгізіп, есеп айырмасын ұлғайтты.
  • Әзірбайжан құрамасына қарсы қазақстандықтарды 4 бапкер баптады. Л.Пахомов — 1, А.Пайперс — 4, М.Беранек — 2, Т.Байсуфинов — 1. С.Стойлов бесінші бапкер болмақ.
  • Бүгін алаңға шықса, Қазақстан құрамасының бірнеше футболшысы ұлттық құрама сапындағы мерейтойлық ойындарын өткізеді. Бұл кездесу Ю.Логвиненко үшін – 45, Д.Шомко үшін – 35, Б.Исламхан үшін – 30, С.Малый үшін 25 ойын болмақ.

 

 

statsport.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*