Рәміздерді дұрыс қолдану жайы қаралды

646
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Парламент депу­тат­тары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.
Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова барлық қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл мерекенің биыл ел Тәуелсіздігінің символы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
Мемлекеттік хатшы құттықтаусөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің, ел еге­мен­дігінің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Отан тәуелсіздігінің біріктіруші қас­тер­лі бейнесін айшықтайды. Өйткені біз мемлекет тәуелсіздігін ұлтты сақтаудың түпкі негізі, шешуші құндылық ретінде қарастырамыз» деген тұжырымына тоқталды.
Басқосуда Ақпарат және коммуникация­лар министрлігінің, Астана қаласының, Қы­зыл­орда және Ақтөбе облыстары әкім­дік­­терінің мемлекеттік рәміздерді наси­хат­тау және қолдану саласына қатысты жұмыс­та­ры­ның ахуалы жөніндегі есептері тыңдал­ды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы­ның мемлекеттік рәміздерді қолдану сала­сын­­дағы нормативтік-құқықтық актілерін же­тіл­діру мәселелері қаралды.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекеттік органдар басшы­­ла­рына мемлекеттік рәміздерді наси­хаттау және қолдану мәселелері, сонымен қатар осы саладағы заңнамаларды сақтау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*