Астанада жастар конференциясы өтпек

643
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Г.Исимбаева БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының (UNFPA) Қазақстандағы өкілі, Қырғызстан және Түркіменстан бойынша елдік басшысы Джулия Валеземен кездесті. 

Мәртебелі мейманға қайырылған вице-спикер UNFPA ұйымына Қазақ­стан­ның әлеуметтік дамуына, соның ішінде халықтың репродуктивті денсаулы­ғын жақсартуға қолдау көрсеткені үшін риза­шылығын білдірді. Өйткені соның нәтижесінде, ана өлім-жітімінің үш есе азаюына қол жеткізілген.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ орнықты даму мақсат­та­рына қол жеткізуі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастама­сын жүзеге асыру бойынша жұмыстар мәсе­­лелерін тілге тиек етті. Сондай-ақ Қа­зақ­стан мен UNFPA арасын­дағы және басқа да халықаралық ұйымдармен ынты­мақ­­тастық мәселелеріне де үлкен көңіл бөлінді.
Осыған орай кездесуде алда Астанада өтетін Азиялық халықтың қоныстануы және даму қорының аясындағы Жастар мәсе­лелері жөніндегі конференцияға дайын­­дық барысы талқыланды. Халық­ара­лық жиынға Мәжіліс депутаттары сыртында, ТМД-ның Жастар парламен­тара­лық ассамблеясы да қатысуға ниет білдіріп отырғаны мәлім болды.
Қазақстанмен өзара ынтымақтастық туралы сөз қозғаған дипломат Джулия Валезе UNFPA-ның аталған конфере­н­ция­ны биылғы күзде Астанада өткізуге көмектесуге дайындығын растады.

 

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*