ХХІ ғасырдағы маңызды манифест

1860
0
Бөлісу:

Бүгінде Мемлекет басшысының Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік жөніндегі самитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесті Қазақстан жастары арасында үлкен қолдауға ие. Аталған бағдарламалық құжатты Елбасымыз басқосу кезінде жаһан талқысына ұсынып қана қоймай, оны іске асырудың айқын жолдарын да айтып өткен болатын.

Президенттің: «ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Бұл – шетін мәселе. Адамдардың өткен ғасырдағы жасағаны секілді ХХІ ғасырда да бейбітшілік үшін байыптылықпен және табан­ды­лықпен күресу керек. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ой­лауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қа­сіретті қателіктерін қайталауға жол бер­мей, әлемді соғыс қатерінен түп­кі­лікті арылту үшін бүкіл әлем үкімет­те­рі­нің, саясаткерлерінің, ғалымдары­ның, биз­несмендерінің, өнер қайрат­кер­лерінің және миллиондаған адам­дары­ның күш-жігерін жұмылдыру қа­жет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітім­гер­шілік қызметпен айналысқан кейіп көр­сету әлемдік апат­пен барабар» деуі өте орынды. Бұл ма­ни­фестің барша адам­зат тағдырына қатысты маңызды құ­ж­ат екендігін аңғартса керек.
«Әлем. XXІ ғасыр» бейбітшілік ма­ни­фестің маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Елбасының бейбіт бастама­сы әлемдік деңгейде жоғары бағаланып отыр. Бұл өзекті мәселе түрлі халық­ара­лық мінберлерде қызу талқыланып, дү­ние жүзіндегі барлық тұрғының та­ра­пынан да қолдау тапты. Нәтижесінде, ма­нифест БҰҰ Бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құ­жаты мәртебесін алды. Осы ретте ұйым­­ның Бас хатшысы Антониу Гутте­риш­­тің де Қазақстанға ерекше ықыласы бар екенін атап өткіміз келеді. Содан бе­рі ол еліміз­дің бастамаларын тұрақты қол­дап келеді. Әлемдік қауымдастыққа мә­лімдеме жасап, жаһандық қару­сыз­дануға шақыр­ған бас хатшы Қазақ­стан­ның 1990 жыл­дардан бері ұстанып келе жат­қан саясаты мен ұстанымы оң екен­дігін тағы бір дә­лелдеді. Қазақстанның бей­бітшілік пен тұрақтылыққа ұмты­лып, ядролық қару­сыз әлем құрудағы бел­сенді бастама­шыл­дығы әлем на­за­ры­нан тыс қалған емес. 2009 жылдың 2 жел­тоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан 64/35 қарарын қабылдап, 29 желтоқсанды Ядролық сынақтарға қар­сы іс-қимылдардың халықаралық күні етіп жариялады. Қарар Қа­зақстанның бастамасымен қабылда­ғаны баршаға мәлім. Еліміз бұл күнді бекер таңдаған жоқ. Өйткені 1991 жыл­дың дәл осы күні Се­мей ядролық по­лигоны жабылған бола­тын. БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінде Қа­зақстанның жаһан­дық ядролық қауіп­сіздік және терроризм­ге қарсы кү­рес секілді өзекті мәселелерді күн тәр­тібіне енгізуі еліміздің ширек ға­сыр­­дан астам уақыт бұрын айқындалған ұс­та­нымдарынан еш айнымағанын та­ғы бір айғақтады. Осы себепті, Ва­шинг­тон да Елбасының жаһандық бейбітші­лік­ті көз­дейтін бастамаларына құрмет та­нытып, Қазақстанның сыртқы сая­сат­тағы қадам­дарына үлкен сеніммен қа­рап келеді. Халықаралық қауымдас­тық пен АҚШ секіл­ді әлемдегі ең қуат­ты елдердің Аста­на­ның қауіпсіздік пен тұрақтылық бойын­ша бастамаларын қол­дауы елі­міздің бейбітшілік флагма­ны ретіндегі рө­лін нақтылай түседі.
Елбасы манифесінің тиімді жақ­тарын саралаған саясаттанушы Расул Жұмалы: «Әлем. XXI ғасыр» манифесін халықара­лық қауіпсіздік, тұрақтылықты сақтауға қажеті бар құжат ретінде қа­был­даймын. Елбасы манифесінде дү­ниежүзілік қо­ғамды жалпы әлемдік проб­лемалар мен қауіп-қатерлерді ше­шуге барынша күш салуға шақырады. Әлем жұртшылығының алдында Қа­зақстан Президентінің осын­дай бас­та­ма жасағаны қуантады. Се­бебі, бұл – қазіргі кездегі халықаралық қаты­нас­тардағы өзекті тақырыптардың бірі. Бірқатар мемлекеттер заңды, заңсыз түрде жартылай қырып жою қаруына иелік етіп отырғаны шындық. Мұның өзі соғыс өртінің өршуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан бастаманың көтерілуі дұрыс деп ойлаймын, – деп манифестің маңыз­дылығына тоқталып өтті.
Жаһандық қарусыздандыру мәсе­лелері барлық адамзат үшін ерекше өзектілікке ие. Манифестің Қазақстан­ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануының хабар­шы­сы болуы ерекше мәнді. Біздің еліміз ха­лықаралық бейбітшілік пен қауіп­сіз­дікті қолдауға жауапты 15 негізгі мем­лекет­тің қатарына кірді. Соғыссыз және халық­аралық ядролық бақылаусыз бейбіт өмірді қолдаған Елбасымыз – ядролық қаруды таратпау мәселесінде дара көш­басшылардың бірі саналды. Бұл әлемдік қоғамның Қазақстан Президентінің жаһан­дық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан жеке үлесі мен күшін жоғары деңгейде мойын­дауының белгісі деп айтуға толық негіз бар.
Біз ядролық қарусыз әлем қауіпсіз­ді­гін ілгерілету жөнінде «Болашақ жасар» республикалық жастар газетінің бас ре­дакторы, саясаттанушы Дәурен Баба­мұра­тұлы­ның пікірін білдік. Ол «Бүгінгі таңда әлем үлкен соғыс алдында тұр де­ген пікір басым. Сол соғысқа дайындық ре­тінде бірқатар ел ең бірінші ядро­лық қаруды жасауды мақсат тұтқан. Әлем­де аталған қарудың саны көбейген сайын, оны қолдану мүмкіндігі де арта бер­мек. Сол себепті бүкіл әлем елдері бі­рауыздан аталған қарудан бас тартқаны жөн. Біздің осылай айтуға моральдық құқымыз бар. Өйткені біз әлемдегі ең үлкен ядролық арсеналдардың бірінен са­налы түрде бас тартқан бірден-бір мем­лекетпіз» дей келе, ядролық қарудың та­ралуының қауіп-қатерін тілге тиек етті.
Елбасы Н.Назарбаев «жаһандық стратегия соғыстар мен жанжалдар вирус­тарын жою жөніндегі үйлесімді және жауап­кершілікті іс-әрекеттерін айқын­дау­да үш басты қағидатты нақты маз­мұн­дау керектігін» ұсынғаны белгілі. Атап ай­тар болсақ, Елбасы: «Біріншіден, қа­зіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – яд­ро­лық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табы­ла­тын басқа да кез келген қару түрлерін қол­данудан қашып құтылу мүмкін бол­май­ды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Бұған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі кеш болады және жауап беретін адам табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ре­тінде түсінуге тиіс. Үшіншіден, мем­лекет­тер арасындағы барлық талас-тар­тыс­ты реттеу үшін бейбітшілік пен қауіп­сіздікке тең жауапкершілік, өзара құр­мет және ішкі іске араласпау қағидат­тарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы ке­рек», – деп барша адамзат назарын ға­лам­дық мәселеге аударды.
Манифестің басты өзегі барлық ел­ге жауапкершілікті сезіне отырып дау­лы мәселені бейбіт және келісушілік ар­қылы жүзеге асыру болды. Мемлекет бас­шысы әлемдік қауымдастыққа ғы­лыми нақтыланған түрде аталмыш қауіп­тен құтылудың жолдарын ұсынып қана қоймай, аталған құжаттың басты тезисі: «соғыс жеңімпаздардың салтанаты емес» екендігін ұғындырды.
Қорыта айтқанда, Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» тарихи манифестің маңызы Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бас­тамаларының өзектілігін айшықтай тү­седі. Ал ядролық қарусыздану, әлемдік ареалдар құру, ірі державалардың әскери және экономикалық қарсы тұрушы­лық­тарын болдырмау, халықаралық қару­сыздану, әділетті жаһандық бәсекелес-тік – бүкіл адамзаттың алдында тұрған басты міндеттер болып қала бермек.

Бөлісу:

Пікір жазу


*