8 млн адамның цифрлы сауаттылығын арттыру жоспарланып отыр

1277
0
Бөлісу:

   1 маусымнан  бастап Қазақстанның барлық өңірінде халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру үшін оқыту курстары басталды.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір  бағыты – адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі «Зерде холдингі» АҚ-мен бірлесіп, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік бағдарламаларын әзірледі. Іс-шара барысында еліміздің әрбір өңірінде халыққа цифрлы сауаттылықтың негізгі қағидаларын үйрету бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы бойынша оқыту әдістемесі мен  жоспары жасалды, оның көмегімен халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру жоспарлануда. 2018 жылдың маусымынан тамыз айына дейін «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Зерде» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шамамен жарты миллион адамды цифрлы сауаттылыққа үйрету көзделуде.

Сондай-ақ еліміздің барлық облыс орталығында сандық қызмет көрсету орталықтарын іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында цифрлы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі сағаттық кестеге сәйкес өткізілетін тақырыптық сабақтармен цифрлы сауаттылық сабақтарының болуы. 2018 жылдың 4 айында осы сыныптарда 3,6 мыңнан астам адам оқытылды. 2018 жылдың басынан бастап шамамен 10 мың адам мемлекеттік және жеке меншік оқу орындарында (университеттер, колледждер және т.б.) білім алды.    Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық орындарда (сауда орталықтарында, теміржол вокзалдарында, әуежайларда, соттарда және т.б.)  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ақпараттық-түсіндіру және электрондық үкімет порталының қызметтерін пайдалануды үйрету жұмыстары ауқымды түрде жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізілуде.       1. «Негізгі сандық дағдылар» бойынша. Дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, Интернетті, қауіпсіздікті және деректерді қорғауды сенімді қоса алғанда, негізгі сандық икемділік       2. «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» бойынша. Электрондық үкіметті пайдаланудың дағдылары, соның ішінде үйден шықпай-ақ «онлайн» түрде қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді алу.        3.  «Ашық үкімет» бойынша. «Ашық үкімет» (ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог және бюджет) төрт компонентін пайдалануды қамтитын «Ашық үкімет» қолдану курстары.         4. «Электрондық коммерция» бойынша. Интернетте өнімдер мен қызметтерді сатып алу, сату және тарату дағдыларын қамтитын электрондық коммерция курстары.         Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір-мамыр айларында «Зерде холдингі» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» және «ҰАТ» АҚ мамандары Қазақстанның барлық өңірінде тренерлермен тренинг өткізді, олар өз кезегінде халықты цифрлы дағдыларға үйретеді. Оқыту курстары 1 немесе 4 бағыт бойынша өз біліктілігін жетілдіргісі келетіндерге тегін беріледі. Бүгінгі күні еліміз бойынша 880 сертификатталған жаттықтырушы дайындықтан өтті.         Курстар 2018 жылдың 1 маусымында басталады және Қазақстанның барлық ауданында (аудан орталықтарында, ауылдарда және елдімекендерде) мектептер мен кітапханалар базасында өтеді. Аймақтағы өтетін курстардың уақыты пен мекенжайын нақтылау үшін 1414 нөміріне хабарласу керек. Жалпы айтқанда, таяу уақытта 8 миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарланып отыр.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*