Менингиттен сақтан!

1921
0
Бөлісу:

Менингококк инфекциясы – күрделі инфекциялық ауру. Бактериялар арқылы туындап, әртүрлі клиникалық белгілер арқылы білінеді. Мәселен, симптомсыз тасымалдаудан бастап, назофарингит (мұрын мен жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) пен менингококк сепсисі (қанның зақымдануы) түрінде өтуі мүмкін.

Инфекцияны науқас адамдар мен дені сау таратушылар таратады. Дені сау бола тұра, қалай жұқтырушы болуы мүмкін? Ол адамдарда клиника­лық белгілер болмаса да, менингококк таратушы деп саналады. Бұл инфекция көп жағдайда қыста немесе ерте көктемде таралады.
Жөтелгенде, түшкіргенде, әңгіме барысында жұғуы мүмкін. Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада тұрақсыз. Микроб жоғарғы тыныс алу жолдары­ның шырышты қабығы арқылы дені сау адамның ағзасына науқас не таратушымен ұзақ уақыт әрі жақын тілдескенде енеді. Жұқтырған кезінен бастап аурудың алғашқы белгілері білінетін уақыт шамамен бір күннен он күнге дейін аралықты алады. Науқас жұқтырған күннен бастап айналасындағыларға «қауіпті» десе болады. Өйткені сол сәттен-ақ жұқтыру­шыға айналады.
Менингит аяқ-асты пайда болады: кенеттен бас қатты ауырып, лоқсып, 6-15 сағаттан кейін денесі бөртіп, температурасы 39-40°С-қа жетіп, қалтырап, бозарып кетеді. Әлсіреп, белі, аяқ-қолы ауырады. Науқас шөлдеп, тамаққа тәбеті төмендейді. Бір айта кетерлігі, аурудың бұл түрі ангина, тұмау, тонзиллит сияқты бо­лып көрініп, жеңіл түрде өтеді. Көп­ші­лігі басқа ауру екен деп ойлап қалып жатады. Суық тиюдің салда­ры­нан ағзаның қорғаныс күші әлсіреп, зорық­қан жағдайда менинго­кокк ми қабық­тарына жылдам еніп, қабынды­ра­ды.
Мұны емдеудің жолдары жайлы айта кетейік. Аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған бойда дереу дәрігерге барып, оның кеңестерін құлаққа құйып алу керек. Адамдар көп жүретін мәдени-бұқаралық шара­лар­ға, бассейнге, ойын-сауық орталық­тарын­дағы ойын алаңдарына бармаға­ны­ңыз жөн. Сондай-ақ жеке гигие­на­ны сақтау керек. Бөлменің ауасын жиі-жиі тазартып, ылғалды тазалау жүргізу қажет.
Созылмалы инфекция ошақтары­ның санациясын өткізу маңызды. Бала­ларда бұл көп жағдайда ЛОР-орган­дарына қатысты. Сондықтан балалар оториноларингологына уақы­тылы барып, алдын алған дұрыс. Тек қана қайнатылған немесе бөтел­ке­дегі су ішу керек. Суық тигізу­ден, ашығу­дан, ұйқының қанбауы мен күйзе­ліс­тен барынша қашық болған абзал. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген қашан да жөн.

Айша ЕРСҰЛТАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*