ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙЕДІ

903
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады.
Кездесу барысында Елбасыға агент­тіктің мемлекеттік қызмет саласындағы ат­қарған жұмыстары мен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қол­данған шаралары жөнінде есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаевқа факторлы-балдық төлем жүйесінің мемлекеттік қыз­метке енгізілуі жөніндегі пилоттық жо­баның іске асырылу барысы туралы да баяндалды.
Қазақстан Президенті жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, тиісті алдын алу шараларын жүргізу қа­жеттігін айтты.
– Барлық салада жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуге тиіс. Біріншіден, тиісті мониторинг жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрлы форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Екінші­ден, мемлекеттік қызметшілердің жа­лақысы жөніндегі мәселені шешу керек. Үшіншіден, басшылықтың жауап­кер­шілігін арттыру маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында Алик Шпекбаев жем­қорлыққа қарсы саясатты жүзеге асы­ру жолында қолданылып жатқан ша­ралар мен оны халықаралық сарапшылар қоғамдастығының бағалау нәтижелері туралы мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*