Индонезия делегацияcын қабылдады

598
0
Бөлісу:

Мәжілісте Палата төрағасының орынбасары Владимир Божко Индонезия Республикасы Өкілдер палатасы төраға­сының орынбасары Утут Адианто бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде вице-спикер В.Божко екі ел көшбасшыларының мемлекеттік сапарлары елдеріміздің ынтымақтас­тығының нығаюына серпін бергенін атап өтіп, халықаралық мәселелерді көтергенде Қазақстан мен Индонезия елдерінің өзара ұқсас ұстанымдарына тоқталды.
Сондай-ақ Мәжіліс төрағасының орынбасары индонезиялық әріптестерін ағымдағы жылдың қазан айында Парла­мент­шілердің тұрғын халық және даму жөніндегі Азия форумының қолдауымен Астана қаласында өтетін жастарға арнал­ған инвестициялық форум жұмысына қатысуға шақырды.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетіп, парла­ментаралық байла­нысты арттыру үшін Палаталардың бейінді комитеттері арқылы тығыз қарым-қатынас жасаудың маңызды­лығы туралы айтылды.
Жүздесу кезінде тараптар екі елдің сауда-экономикалық қатынасты дамыту мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Кездесуге қазақстандық тараптан депутат­тар Абай Тасболатов, Айқын Қоңыров, Ерлан Барлыбаев, Қожахан Жабағиев, Мансұрхан Махамбетов және Сәкен Өтебаев қатысты.
Айта кету керек, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнаға­нына биыл 25 жыл толды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*