Мамин аймақтағы инфрақұрылымдық жобалармен танысты

631
0
Бөлісу:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік-Қазақстан облыстарында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша  жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың XV форумына дайындық барысымен танысты. 

Екінші категориялы магистраль Бейнеу ауылынан басталып, Өзбекстан шекарасына дейін  85 шақырымға созылған.  Асқар Мамин Бейнеу-Ақжігіт автокөлік жолын өңірлік маңыздылығы бар инфрақұрылымдық нысан ретінде атап өтті.

–Бұл маңызды жоба Ақтау мен Құрық теңіз порттары арқылы Орталық Азия елдерінен Кавказ, Түркия және Еуропаға транзиттік автокөлік ағынын қалыптастыруға ықпал етеді, – деп А.Мамин жолдың құрылысын сапалы жүргізіп, оны белгіленген уақытта тапсыруды міндет етті.  Сондай-ақ, бірінші вице-премьер Құрық портында паром кешенінің екінші кезегі құрылысының барысымен танысты.

Асқар Маминге Шығыс және Батыс суларының құрылысы, «Кедендік ресімдеу аймағы» нысаны  порт дамуының екінші кезеңінің жағалаудағы гидротехникалық құрылымдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Құрық – Құрық порты» автокөлік тас жолын қайта құру және паром кешенін пайдалануға беру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Қазіргі уақытта екінші кешен сынақ режимінде іске қосылады. Жоба жүзеге асырылғаннан бастап 476 кеме қатынасы жүргізілді, 2 110 мың тонна жүк өңделді, оның ішінде биылғы жылы 156 кеме қатынасы жүргізіліп, 634 мың тоннадан астам жүк өңделді.

2017 жылы Каспий теңізіндегі қазақстандық порт инфрақұрылымында жүкті тиеудің жиынтық көлемі 5 млн 520 мың тоннаны құрады. Биыл 2018 жылы жиынтық жоспар 9 млн тоннадан кем емес мөлшерді құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 2 млн 450 мың тоннадан астам жүк жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1 млн 602 мың тонна) 52% -ға артық.

Сол күні бірінші вице-премьер өңіраралық ынтымақтастықтың XV форумына дайындық аясында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Асқар Мамин Петропавл қаласының халықаралық әуежайында әуежайдың тұрақ орындарын қалпына келтіру, «Әуежайға кіреберіс жол» автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсырын көрді.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» учаскесіндегі жол өтпесін қайта қалпына келтіру барысымен танысты.

Өңірде А.Мамин оқушылар сарайының, «Жас Өркен» жаңа ықшам ауданының, «Hilton» сауда-қонақ үй кешенінің, «Қызылжар» қонақ үйінің құрылысы барысымен танысты. Барлық нысандар 2018 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

А.Мамин Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XV Форумына дайындық жұмыстарын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді тапсырды.

Еркін ҚАЛДАН

 

 

 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*