Бразилия әлем чемпионы атанса қанша ақшаға ие болады?

620
0
Бөлісу:

Футболдан Бразилия құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатында жеңіске жеткен жағдайда ойыншыларының әрқайсысы миллион доллардан алатын болды. Мұндай қаржылай сыйақы команданың бас бапкеріне де берілмек. Тите мен оның көмекшілері миллион долларды қалтаға басса, делегацияның басқа мүшелері бұл сомадан сәл аз алады.

Елдің футбол федерациясы 2014 жылы да осындай уәде берген. Сол жолы құрама жеңіске жететін болса, құрамаға 35 миллон доллар берілетін болған екен. Алайда Бразилия құрамасы төрт жыл бұрын небәрі төртінші орынмен шектелді. Кезінде, 2002 жылы Бразилияны әлем чемпионы атағына жеткізген бас бапкер Луис Фелипе Сколари 100 мың доллар сыйақыға ие болған.

Осы жолғы әлемдік доп додасында Бразилия өз тобында Швейцария, Коста-Рика және Сербия құрамаларымен ойнайды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*