Алматылық орта есеппен 136 943 теңге табады

949
0
Бөлісу:

Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, сондай-ақ электронды үкіметтің ашық деректер қорын пайдалана отырып, Қазақстанның ірі қалалары мен облыстарындағы жұмыссыздық деңгейін салыстырмалы түрде ұсынатын боламыз. Бұл арқылы біз:

 

  • Өңірлердегі халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін;
  • Орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табыс мөлшерін;
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейін;
  • Өткен жылдармен салыстырғандағы жұмыссыздық динамикасының өзгеруін көрсетеміз.

 

Статистикалық мәліметтер, деректер қорындағы ақпараттарды оқырманға түсінікті тілмен жеткіземіз.

 

Алдарыңызға 2017 жылғы статистикаға сай Алматы қаласының  жұмыссыздық деңгейі туралы деректер.

Алматыдағы жалпы халық саны – 1 801 713 жан.  Оның 889 606 адамы жұмыспен қамтылған болса, 67 900 адам өз бетінше жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады. Бұл жерде «өз бетімен жұмыспен қамтылғандар» дегеніміз – жалдану бойынша немесе өндірілген тауардан әртүрлі көрсетілген қызметтен табыс табу үшін өз-өзіне жұмыс істейтін тұлғалар. Ал 49 584 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Демек, көрсеткіштерге сүйенсек, Алматы қаласындағы жұмыс күшін 1 007 090 адам құрайды.  Еңбек ететін 957 506 адамның 94,3 пайызы нақты ақшалай табыс табады. 2017 жылы Алматы қаласы бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 136 943 теңгені құраған.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 28 996 теңге.  Алматы қаласының  1 пайыз халқы, яғни 18 017 адамның табысы күнкөрістің ең төменгі шамасынан төмен халық санын құрап отыр. Ал кедейшілік шегі 0,1 пайыз. Осы тұста Алматыдағы халық санының басымдығын ескергеніміз жөн. Өткен жылдармен салыстырғанда, жан басына шаққандағы жалақы мөлшері артқанын көруге болады.

Балжан Халық

Бөлісу:

Пікір жазу


*