ҚЫРҒЫЗДАР ЕТ АСЫП, ӘЛЕМДІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ

869
0
Бөлісу:

Қырғыздардың тоғыз жылқыны сойып, бір қазанға асқан еті рекордтық ас мәзірі ретінде «Бішкек бешбармағы» деген атпен Гиннесс рекордтар кітабына кірді.

Ата кәсібі, ұлттық салт-дәстүрлері бізге ұқсас көрші қырғыздар қай жағынан болсын қазақтардың алдын орап кетіп жатыр. Бүкіл көшпенді халықтарды Ыстықкөлдің жағасына жинап көкпар тарту, жамбы ату, бәйге мен жорғадан  ірі халықаралық сайыстар өткізіп жүр. Ет, сүт өнімдерін экспорттауда да жоғары көрсеткіштерге ие. Енді бешбармақ жасап, әлемді таң қалдырып жатыр.

Наурыздың 11 күні Қырғызстанда ас мәзірлері бойынша байқау ұйымдастырылған. Оған 20 аспаз және жүздеген волонтер өздерінің еңбегін ұсынған. Салмағы 1464 келі (1,4 тонна) болатын бешбармақ,  ұзындығы 117 метр шұжық дайындап, әлемдік рекорд жасады. Рекордтық мәзірді жасау үшін тоғыз жылқы сойылған. «Кыргыз тилектештиги» қоғамдық қоры Гиннесс рекордтар кітабының комиссиясынан рекордтар тізіміне кіргені туралы ресми жауап алған. Бұл туралы кеше қоғамдық қордың өкілі Дана Абдыбекова хабарлады. «Гиннесс рекордтар кітабының арнайы комиссиясы барлық шарттың орындалғанын бекітті және Қырғызстанды кітаптағы рекордсмендер тізіміне кіргізді. «Бішкек бешбармағын» дайындаудағы процеске шеф-аспаз Шухрат Шарипов басшылық жасады» деп мәлімдеді ол.
Қайыржан ТӨРЕЖАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*