Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте  кездесуі мүмкін

722
0
Бөлісу:

Эрик екеуіміз үнемі байланыстамыз. Біз промоутер ретінде алдағы жекпе-жекті жарнамалауға дайын отырмыз. Шаруа шешілді. Енді, оны аяғына дейін жеткізу ғана қалды. Бұған дейінгі келіссөздер ұзаққа созылған еді. Бұл жолы олай болмайды, дейді Том Леффлер.

Оның айтуынша, екі боксшы да кездесуге дайын. Шамамен  Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте  кездесуі мүмкін.

Алайда дәл қазір IBF-ке қатысты мәселені шешіп алу қажет.

–Геннадий – бірнеше белбеудің иегері. Сол себепті белгілі бір міндеттемелерді орындау қажет. Біз «Канелоға» қарсы жекпе-жекті қалаймыз. Өйткені аталған жекпе-жекті жанкүйерлер күтіп отыр. Әрине, ондайда кейбір бокс ұйымдарының ережелерін сақтау оңай емес, – деп атап көрсетті Т.Леффлер.

Айта кетейік, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Геннадий Головкинді украиндық боксшы Сергей Деревянченкомен кездесуге міндеттеді. Аталған ұйым Мартиросянмен қарсы жекпе-жекті өткізуге рұқсат берсе де, өз белбеуін сарапқа салуға тыйым салды. Соның өзінде Головкиннің командасы бір реттік жеңілдік үшін 20 мың доллар төлеп берді. Қазір IBF тамызға дейін міндетті үміткерге қарсы жекпе-жекті өткізуді талап етіп отыр. Ал GGG-дің промоутері Том Леффлер жеңілдікті екінші рет беруді сұрады. Бүгін IBF-те екі команданың қатысуымен тыңдаулар басталды. Келесі аптада нақты шешім шығарылады.


inform.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*