Астана көрмесі – әлем назарында

862
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

Кездесуде Қазақстан Президентіне ми­нистрлік тарапынан атқарылған кешенді ұйымдастыру шараларының нәтижелері мен V халықаралық KADEX – 2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.
Б.Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, KADEX – 2018 халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныс­тыратын болады.
Сонымен қатар Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға мемлекеттік қорғанысқа қатысты тапсырыс пен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бір­қатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*