Канн фестивалінің ең үздік актрисасы – Самал Еслямова!

1947
0
Бөлісу:

Қазақстандық Самал Еслямова 71-Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Жүрекжарды ақпарат кинофестивальдің Twitter парақшасында жарияланды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Фото: © Valery HACHE – AFP

«Айка» – әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында түсірілген фильм. Айка Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады. Кино картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильмді Сергей Дворцевойдың «Кинодвор» студиясымен қатар Германия, Польша, Қытай, Қазақстанның кино компаниялары бірлесіп түсірген. Ең үздің актриса атанған Самал Еслямова режиссерге «Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет»  деп алғысын жаудырды.

Фото: © Anthonin Thuillier

Самал Еслямова 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бұдан бөлек «Тюльпан» фильміне түскен. Мәскеу театр институтын актерлік мамандық бойынша бітірген.

Майра Бақыт

Фото:© Paul Grandsard

Фото: © Екатерина Чеснокова

Бөлісу:

Пікір жазу


*