Ұн сатудан неге ұтылдық?

1365
0
Бөлісу:

Еліміз 2007-2010 жылдары ұн экспорттаудан әлемдегі көшбасшы болды. Ұн өндіріп, оны шетел нарығына шығарудан асығымыз алшы тұрған 2007 жылы әлемдік нарыққа 1 миллион 454 мың тонна ұн шығарып, Түркия мен Еуроодақты басып озғанбыз. Осы қарқыннан танбай, 2010 жылы 2 миллион 296,7 мың тонна ұн экспорттадық. Дегенмен содан кейін бірден көшбасшылықты қолдан беріп, тіпті бұл салада құлдырау белең алды. Неге? 

Қазақстан астық өңдеушілер одағы президенті Евгений Ган­ның айтуынша, ұн тартушылар бұл мәселені өздігінен шеше ал­майды, мемлекеттің қол­дауын­сыз алдағы уақытта да өз ұс­танымын жоғалтқаны жо­ғалт­қан. Қалай дегенде де, ұн тар­тушылардың экспорт жасау мүм­кіндігін қолдау – бұл елі­міз­дің тұтас агроөнеркәсіп кеше­ні­нің тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін әсте естен шығаруға бол­майды. Жыл сайын отандық шаруалар астықты ел сұра­ны­сы­нан артығымен өндіреді. Ас­тықты артығымен өндіру ас­тық бағасының төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл – ала жаздай мехнаттанған шаруаның еңбе­гінің еш болғаны деген сөз. Мұн­дай жағдай 2011 жылы орын алған. Елімізде 27 мил­лион тонна астық өндіріліп, ре­кордтық көрсеткішке қол жет­кізгенімізді қайтейік, шаруа­лар астықты өзіндік құ­нынан төмен бағамен сатып, пай­да көріп, табыс табудың ор­нына біраз шығындалып қал­ған. Әйтсе де, отандық ұн тар­тушылардың жұмыс қарқыны сол кезде жоғары болатын. Мұ­ның астық өндірушілерге пай­дасы тиді. Ішкі нарықтан ас­тық алып, ұн тартып, оны экс­портқа шығаруды жолға қой­ғандықтан, бұл салаға біраз де­меу болған. Бірін-бірі то­лықтырып, сол кездері жиі ай­тылып, мән берілген кластерлік жүйе де жолға қойылғандай еді. Өні­мді тереңдеп өңдеуге де үл­кен мән берілді. Барлық ай­мақ­та ұн тарту кәсіпорындары ашыл­ды. Жылына 11-12 мил­лион тонна астықты терең өң­деу­ге дейін қол жеткіздік. Қар­қын­ды жұмыс істеп келген сол диір­меннің көбі бүгінде жұмы­сын тоқтатқан. Қанша адам жұ­мыссыз қалғаны өз алдына бө­лек әңгіме. Жолға қойылған өнім­ді тереңдетіп өңдеу жүйесі бір­те-бірте құлдырап, бұл жал­пы агроөнеркәсіп саласына кері әсе­рін тигізбей қоймайтыны анық.
Бұл сөзді Қазақстан астық өң­деушілер одағы президенті Евгений Ган да жоққа шығар­май­ды. «Жұмыс қызып тұрған уа­қытта біз қазақстандық шаруа­лардан жылына 5,5 мил­лион тоннаға дейін астық сатып ал­дық» дейді ол. Осы саннан-ақ ұн тартушылар отандық ірі ас­тық сатып алушыға айналғанын байқау қиын емес. Қалыптасқан осындай жүйенің нәтижесінде, на­рықта сұраныс пен ұсыныс­тың балансы реттеліп отырды. Ел ішінде астық бағасының тұ­рақ­тылығына да оң әсер етті. Өйт­кені Қазақстан астық өңдеу ода­ғы астықты әлемдік нарық­тағы бағамен сатып алады. Мұн­дай қарқынды жұмыс адам­дарды тұрақты жұмыспен қам­тамасыз етіп қана қоймай, та­сымал, терең өңдеу саласына тың серпін берді. Ішкі бәсе­ке­лестікті қалыптастырды. Бәсеке бол­ған жерде жұмыс қарқыны ар­та түсіп, сапа да көтерілетіні на­рықтың жазылмаған заңды­лығы.
Әрине, өнімді неғұрлым те­рең өңдеу ел экономикасына да, кәсіпкерлік саланың дамуына да тиімдірек. Дегенмен 2010 жыл­­дан бастап ұн тарту саласы­ның жағдайы күрт өзгерді. Са­лаға ең бірінші соққы астықты тасымалдау тарифінің көтеріл­ген­дігі болды. Бұған дейін қа­зақстандық агрохолдингтердің ар­тықшылығы астықты Қара теңіз портына дейін жеткізу бол­ды. Тарифтің көтерілуіне бай­ланысты бұл жол енді тиім­сіз. Шаруалар өз өнімін өткі­зу­дің басқа жолын іздей бастады. Осылайша, Орта Азия нарығы­на ауыз салды. Бұл осыдан сәл бұ­­рын қазақстандық ұн экс­порт­талып жүрген нарық бол­а­тын. Міне, осы сәттен бастап қа­­­зақстандық ұн мен астық өза­ра бір-біріне бәскелеске ай­налып шыға келді. Бұл елдерде таңдау пайда болды. Ұн сатып ал­ған тиімді ме, әлде астық па? Са­раптай келе астық алған тиім­­дірек болатынына тоқ­тал­ды. Өйткені бұл арзанырақ тү­сетіні белгілі. Оның есесіне өз ұн тарту кәсібін жандандыра түсу­ге назар аударды. Көршілес елдер ішкі өңдеу саласына қол­дау көрсетуді қолға алды. Өз­бекстан импорт ұнға 15 пайызға дейін акция енгізді. Бірнеше жыл­дан кейін, анығы 2014 жы­лы бажды 11 пайызға дейін тө­мендетті. Оның есесіне макарон өнім­деріне салынған бажды 15-тен 30 пайызға арттырды. Осын­дай жағдай Тәжікстанда да орын алып жатты. Онда шет мем­лекеттерден әкелінген ұнға 18 пайыз көлемінде, ал астыққа 10 пайыз ҚҚС төлеуі тиіс бол­ды. Бұл жағдай да қазақстандық ұн­нан гөрі, астық экспортына тиім­ді болды.
Қазақстан астық өңдеушілер ода­ғы бұл мәселені үкіме­тара­лық комиссия алдында бірнеше рет көтерсе де, іс нәтижесіз қал­­ды. Әрине, әр ел импорт тауар­дан гөрі, өз елінің тауарының өт­кеніне мүдделі. Дегенмен әр мә­селенің түйінін шешер бір тиім­ді жол табылуға тиіс.
Ұзақ уақыт бойы қазақ ұны­ның басты сатып алушысы Өз­бек­стан болып келгені рас. Олар – экспорт нарығының 75 пайы­зын құрайтын. 2011 жылы төрт экспорттық вагонның үшеуі өзбек еліне қарай жол тар­татын. Өзбекстан өз диір­мен­шілерінің жұмысын жан­дан­дыра бастаған шақтан қа­зақстандық ұн экспорттау азайып, астық экспорты арта түс­ті. 2014 жылы астық пен ұн экс­порттау теңесті. Ал 2015 жыл­дан бастап ұнға қарағанда ас­тық экспорты арта түсті.
2007 жылы Қазақстан Өз­бек­станға 157 мың тонна астық пен 732 мың тонна ұн экспорт­таған. Салыстырып қарайтын бол­сақ, 2015 жылы 1 миллион 405 тонна астық пен 818 мың тон­на ұн сатып алған. Одан бері де бұл айырмашылық еселене түс­кені белгілі.
Ауыл шаруашылығы саласы осы күнге дейін мемлекеттен аз қол­дау көрген жоқ. Бір қараған­да, түрлі бағдарламалар жаса­лып, жүйелі жұмыстар да ат­қа­ры­лып жатыр. Мүмкін, отандық ұн экспортының әлем нары­ғын­да бірінші орынға шығуына да осы бағдарламалар мен оң іс­тердің игі ықпалы болған да шы­ғар. Қалай дегенде де әлем­дік нарықта бірінші болып тұ­рып, кейін қарай құлдырау жақ­сылықтың нышаны емес.
Ұн экспортын қалай кө­тере­міз? Ұн экспортының күрт тө­мен­деуінің себеп-салдары неде? Бұл мәселенің түйіні – ұн тар­тушылардың сыртқы нарықта бә­секеге қабілетті бола алмауы. Өзге елдердегі бәсекелестер қа­зақ астығын сатып алып, одан өз­деріне арзанырақ түсетін ұн өндіріп отыр. Әйтсе де бұл – нарық. Нарықта тығырықтан шы­ғудың амалын әркім өзі ше­шеді және ол өзіне неғұрлым тиі­мді жағын қарастырады.
Ұн экспортының күрт тө­мен­деп кетуінің басқа да себеп­тері бар. Соның бірі – тасымал мәселесі. Жабық вагондардың же­тіспеушілігі. Бір ғана мысал: Сол­түстік Қазақстан облысын­дағы «Тимирязев ұн тарту ком­бинаты» ЖШС бас директоры Иса Махметұлының айтуынша, өтк­ен жылдың қыркүйек айын­да Ауғанстаннан қомақты тап­сы­рыс түскен. Бұлар жабық ва­гондардың жеткіліксіздігінен тапсырысты белгіленген 10 күн­нің ішінде орындай алмауы се­бебінен ауғанстандықтар өз мә­селесін басқаша шешуге, аны­ғы Өзбекстаннан сатып алу­ға шешім қабылдаған. Міне, осын­дай жағдайлар да бұл сала­ның жұмысының кері кетуіне се­беп болып отырған жайы бар.
Еліміздің Статистика ко­ми­т­етінің деректері бойынша, был­тыр ұн экспорты 3 пайызға қыс­қарған. Егер сатып алушы­лар жайына жіліктеп тоқталар болсақ, былтыр Өзбекстан қа­зақстандық ұнды сатып алуды 13,4 пайызға, Тәжікстан – 41 пайыз­ға, Қырғызстан – 51 пайыз­ға, Грузия – 66,6 пайызға қыс­қартқан.
Қазіргі таңда Қазақстан Ре­сей нарығында астық импортері ретіндегі ұстанымын жоғалтып ал­ды. Өйткені Ресей субсидия мен басқа да мемлекеттік қол­дау­лардың арқасында өз асты­ғын арзанға сатып отыр. Орта Азияның жағдайын жоғарыда айтып өттік, олар өз ұн тарту кәсібін жолға қойып үлгерді.
Еліміз астықты мемлекет бол­ған соң, оны өңдеу, сату мә­се­лесі алдағы уақытта да кө­тері­ле береді. Себебі, біз жыл сайын өз тұтыну нарығымыздан ана­ғұр­лым жоғары өнім жинаймыз. Ұн тартушылар әрине, астық өңдеу саласының қайта жан­дан­ғанын қалайды. Өйткені бі­рін­шіден, бұл салада біраз жыл­дан бері тәжірибе жинақтап үлгерген білікті мамандар бар. Екіншіден, не экспортқа өтпей, не пайдаланылмай қоймада жатқан астық уақыт өте келе өзіндік құнын жеп қояры сөзсіз. Сондықтан әңгімеміздің басын­да айтып кеткен, жылына 11-12 миллион тонна астықты терең өңдеуді қайта қолға алып, оны экспорт жасау мәселесін жолға қоятын болсақ, онда ұтарымыз көп. Бұл жүйені жолға қоя алма­сақ, амал жоқ, алдағы уақытта ас­тық алқабын қысқартуға тура келеді. Бұл осы салада маман­да­нып, күнделікті нәпақасын тауып отырған қаншама адам­ның жұмыссыз қалуына алып келеді.
«Біз миллиардтаған теңге ақ­ша салынған саланың көз ал­дымызда құрдымға кетіп жат­қанын айтқымыз келеді. Бұл – еліміздің фишкасының бірі, ал Ауыл шаруашылығы министр­лігі үшін мақтануға лайық өңдеу саласының беткеұстар туы іс­петті. Қазіргі ұн тарту саласы­ның жағдайы бүгінде жұмысын сәтті жүргізіп жатқан кез келген са­ланың басына да түсуі мүмкін. Ал біз ішкі нарықты қорғауға дайын емес екенбіз» дейді Евге­ний Ган.
Ішкі нарықты барынша қор­ғау, ретіне қарай қолдау көр­сету жалпы экономиканың да­муына тікелей әсер ететін жағ­дай. Сондықтан кешегі күн­ге дейін әлемдік нарықта ұн экс­портында көшбасшы болып кел­ген еліміз бұл саланың қайта жа­ндануына барынша ден қой­ғаны жөн.

 

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*