Шетелдік сарапшылармен кездесті

997
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ХІ Астана экономикалық форумына келген шетелдік жетекші сарапшылармен кездесті. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу барысында экономикалық дамудың және сауда қатынастарының жаһандық үрдістері, «жасыл экономикаға» көшу, балама энергия көздерін пайдалану, Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін дамыту және экономиканы цифрландыру мәселелері талқыланды.

Кездесуде сарапшылар Эстонияның бұрын­­­­ғы президенті Тоомас Ильвес, Дү­ниежүзілік сауда ұйымы бас ди­рек­то­рының орынбасары Алан Вольф, Еуропа қайта құру және даму бан­кінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк, Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда жә­не даму жөніндегі конферен­ция­сының Бас хатшысы Мухиса Ки­туйи, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лау­реаты Рад­жендра Кумар Пачаури, Бей­бітшілік саласындағы Но­бель сыйлы­ғының лауреаты Рае Квон Чунг, DP World компаниясы бас­қар­ма­сының төрағасы Сұлтан Ахмед ибн Сулайем сөз сөйледі.
Әлемнің жетекші сарапшыла­ры­ның баяндамалары тыңдалған соң, Қазақстан Президенті жиын­ға қатысушыларға Астана эконо­ми­калық форумына қатыс­қаны және дөңгелек үстел отырысында айтқан идеялары үшін ризашылық білдірді.
– Еуропада Давос форумы, біз­де Астана экономикалық форумы, ал Тынық мұхитының жаға­лауында Боао Азия форумы бар. Бұл форумдар бір ғана мақсатты – қалыптасқан ахуалдан шығу жо­лын іздеуді көздеп отыр. Біз әлем­дік форумдардың бәрімен ын­тымақтастық орнатып, мемле­кет­тер мен халықтардың игілігі үшін жұмыс істегіміз келеді.
Бұл – даму, ілгерілеу және түсі­ністік мүм­­­кіндігі, – деді Мемлекет бас­шысы.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатыс­қан сарапшылардың бәрі Астана эконо­микалық фору­мы­ның беделін нығайтуға және оны дамытуға үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның даму тарихына тоқталып, елі­мізде этно­саралық және ұлта­ра­лық келісімді сақтау және ны­ғай­ту жолында атқарылған жұмыс тә­жірибесі жөнінде айтты.
– Біз Конституцияда, заңна­ма­лық деңгейде және іс жүзінде бар­лық азамат құқықтарының тең­дігін қамтамасыз еттік. Қазақ­стан­да барлық діни конфес­сия­лар­дың өкілдері тұрады. Оларға діни наным-сенім бостандығы бе­ріл­ген. Дәстүрлі діндердің әлем­дік көшбасшы­лары өздерінің съез­дерін дәл осы Аста­нада өт­кізуге шешім қабылдады. Биыл ке­зекті VІ съезд өткелі отыр, – де­ді Қазақ­стан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміздегі бар­лық азаматтардың тұрмысын жақ­сартуға бағытталған шаралар­дың арқасында біздің қоғамда тұрақ­тылық пен келісімге қол жет­кізілгенін айтты.
– Тәуелсіздік жылдарында эко­номи­камыз 25 есе өсті. Жан ба­сына шаққанда жалпы ішкі өнім 12 мың АҚШ долларына жет­ті. Енді Ұлттық қорда жи­нақ­талған қаржының арқасында инф­рақұры­лым­дық және индуст­риял­дық даму, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау сала­ларына арналған бағдарламаларды жүзеге асырып келеміз. Елімізде өмір сүру ұзақтығы 7 жылға ұзар­ды. Біздің жас ұрпағымыз білімді және өршіл мақсатпен болашаққа көз тігеміз, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Қазақстан Прези­денті Астана экономикалық фо­ру­мына қаты­сушыларға тағы да ризашылық білдіріп, олардың ұсы­ныстары мен идеялары еліміз­ді одан ары дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*