Екіжақты қатынас нығаяды

645
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Грузияның вице премьер-министрі, Сыртқы Істер министрі Михеил Джане­лидземен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың, соның ішінде сауда-экономкалық, мәдени-гуманитарлық, халықаралық байланысты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Халықаралық ынтымақтастық төңірегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жағдайларды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға айрықша назар аударатынын алға тарта келіп, Мәжіліс спикері біздің мем­лекеттеріміздің осы саладағы ұстанымдарының өте жақын екенін еске салды. Осы ретте Мәжіліс төрағасы Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік жүйесін құру туралы бастамасының маңыздылығына тоқталды.
Н.Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Грузиямен жан-жақты әріптес­тікті нығайтуға ерекше мән береді. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттарда өзара сыйластық пен сенім негізінде арадағы ықпалдастық тереңдей түсті.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*