Ынтымақтастық артады

864
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) бас директоры Уильям Лэйси Свингті қабылдады. Сенат спикері 2016 жылдың қыркүйегінде ХКҰ-ның БҰҰ құрамына енуі жөніндегі келіссөз үдерістеріндегі оның жеке рөлін жоғары бағалады.

Бұл қадам көшіп-қонушыларға көр­се­тілетін көмектің дер кезінде жасалуы мен тиім­ділігін арттыруға және олардың өзекті мә­селелерін шешуге арналған ұзақмерзімді ст­ратегиялық жоспарлау шараларын қа­был­дауға мүмкіндік береді.
Қ.Тоқаев аймақтағы және дүние­жүзін­дегі көші-қон үдерістерін реттеу жөніндегі мін­деттерді шешуде ХКҰ-ның маңызы зор еке­нін атап өтті.
«Қазақстан Халықаралық көші-қон ұйы­мының белсенді әріптесі болу және ұйым­мен өзара іс-қимылын кеңейту ние­тін­де қала береді. Көші-қон мәселелерін рет­теу таяу уақытта Қазақ­станның күн тәр­тібіндегі басты салалардың қатарында бо­лады» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Парламент жоғарғы палатасының тө­ра­ғасы көші-қон, босқындарды қабылдау мен бейімдеу саласындағы халықаралық ере­желерді жетілдіру жайында айтты. Ол Қа­зақстан «Қауіпсіз, бірыңғайланған жә­не реттелетін көші-қон туралы» жаһандық шарт­ты әзірлеуді қолдайтынын және ке­ліс­сөз үдерістеріне белсенді қатысатынын атап өтті.
Өз кезегінде У.Свинг Қазақстанды Ха­лық­аралық көші-қон ұйымының негізгі әріптесі ретінде атады және Орталық Азия­дағы көші-қон үдерістерін басқару мә­селелері бойынша белсенді ынты­мақ­тастықты жалғастыруға шақырды.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*