Елбасы Ресей президентімен кездесті

851
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
– Биылғы 18 наурызда тарихи маңызы бар оқиға болды. Сіз Ресей халқының асқақ сенімін иеленіп, зор жеңіске жеттіңіз. Қа­зіргідей күрделі жағдайда мұндай сенімнің мәні зор, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвес­тициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттар бойынша екі­жақты достық пен ты­ғыз ынты­мақтастық орныққанына тоқ­талды.
– Қазақстан – Ресеймен үлгі бо­ларлық қарым-қатынас және қарқынды эконо­микалық байланыс орнатқан ең жақын мем­лекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы­ның көлемі – 16 мил­лиард долларға жуық. Бірлескен кәсіп­орындар саны артып келеді, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ық­палдастық Қазақстан-Ресей қатынас­тарында туындайтын мәсе­лелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты.
– Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеңді де еңсереміз. Бүгінде барлық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мем­лекеттер арасында мәселелер туындап жатады. Біздің үкіметтеріміз бен министр­ліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрлік­тірмей, байсал­дылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс жүр­гізуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ресей Федерациясының прези­денті екі мемлекет арасындағы түрлі салалар бойын­ша өзара тиімді қарым-қатынас орнық­қанын айтып, оның оң қарқын­мен дамып келе жатқанына тоқталды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*