Индустрияландыру картасы толығуда

912
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалы­ғымен Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2015-2019 жыл­дар­ға арналған республикалық Индус­трияландыру картасы жобала­рының жаңа тізімін әзірлеу және дамыту мәселелері талқыланды.

Инвестициялар және даму ми­нистрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде қазіргі карта 28 жобадан тұратынын атап өтті. Оның ішінде іске асыру мерзімі бекітілген, жалпы құны 6,7 триллион сомаға бағалан­ған, 19,8 мың тұрақты жұмыс орнын ашатын 22 жоба және 6 перспективті жоба бар. Бүгінде карта аясында жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын 6 жоба іске қосылды, 4,3 мың жұмыс орны ашылды. Картаға 1,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын аша­тын, жалпы сомасы 456,2 миллиард теңге болатын қосымша үш жаңа жобаны енгізу ұсынылып отыр. Аталған жобаларды іске қосу 2017-2021 жылдарға жос­парланған.
Отырыс қорытындысы бо­йынша Премьер-министр жауап­ты мемлекеттік органдарға 2015-2019 жылдарға арналған Индустрия­ландыру картасын өзектендіру бойынша бірқатар нақты тапсыр­малар берді.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*