Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясына қатысушылардың үндеуі

917
0
Бөлісу:

Құрметті отандастар!
Қазақстанда қоғамды саяси, экономикалық, рухани жаңғыр­тудың тұтастай стратегиясы іске асырылып жатыр.
Жыл басында ұсынылған «Президенттің бес әлеуметтік баста­масы» –шын мәнінде, әлеуметтік жаңғыртудың ауқымды бағ­дарламасы. Тәуелсіз Қазақстан әу бастан-ақ әлеуметтік бағдар­ланған мемлекет ретінде құрылды. Бес әлеуметтік бастама осы бағыттың қисынды жалғасы болып, әлеуметтік мемлекет туралы конституциялық норманы жаңа нақты мазмұнмен толтырды.
Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, салықтарды азайту, қосымша білім гранттарын бөлу, студенттерге арналған жатақханаларды жаппай салу, микрокредиттеуді кеңейту және газдандыруды одан әрі жалғастыру – азамат­тардың өмір сапасының жоғары стандартта­рына қол жеткізуді мақсат ететін нақты және есептелген шаралар.
Осы шаралар топтамасының арқасында экономикалық және қоғамдық прогреске ықпал ететін жағдайлар жасалады және ең бастысы, әркімнің іс жүзінде әлеуметтік қор­ғалуы мен тұлғаның өзін-өзі танытатындай еңбек етіп, өмір сүруіне кепілдік беріледі.
Осы арқылы, мемлекеттің азаматтар алдын­дағы әлеуметтік жауапкершілігі нақты мәнмен толыға түседі.
Мұның бәрі де – әлеуметтік бірлік пен қазақстандық қоғамның кірігуінің нақты әрі пәрменді тұғыры.
Қазақстан халқы ассамблеясы Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларын тұтастай қолдайды және оларды тиімді іске асыру жөніндегі амалдарды талқылауға белсене атсалысады.
Біз барша қазақстандықтарды осыған шақырамыз.
Біз бірлесіп, жаңа өмір мүмкіндіктерін, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық игіліктің жаңа үлгісін жасаймыз.
Біз бес әлеуметтік бастаманы іске асыру, бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатының артуына, Ота­нымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуіне жәрдемдесетініне сенімдіміз.
Қазақстан халқы
ассамблеясының сессиясы,
Астана қаласы 2018 жылғы 28 сәуір

Бөлісу:

Пікір жазу


*