Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құт тықтауы

1082
0
Бөлісу:

Құрметті отандастар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адал­­дығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалып­­тастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық.
Бірлік пен келісімнің маңызды­лығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.
Бірлік, достық және өзара сый­ластық болған кезде ғана кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Рес­публи­касы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құн­ды­лықтар қоғамымыздың дүниета­ны­мын анық­тап, оның одан ары біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.
Мемлекет өмірінің барлық сала­сындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылы­ғымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!

Бөлісу:

Пікір жазу


*