Жалақы жоғары, тұрмыс ше?

992
0
Бөлісу:

Ұлттық экономика министрлігі ара-тұра шабымызға шоқ түскендей етіп, бір жаңа­лық­ты жариялап тұрады. Тимур Сүлейменов­тің бұл жолғы баянына сүйен­сек, ел аза­мат­тарының I тоқсандағы орта­ша жалақысы 153,2 мың теңгені құраған. Әрі бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келе жа­тыр. Соны естіп, ел-жұрт болып бір шу­лап аламыз…

Министрдің айтуынша, мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық дамуы тәп-тәуір. Наурыз айында жұмыссыздық дең­гейі 4,9 пайыз межесінде сақталыпты.
– Еңбекақы өсті. Ол I тоқсанда 2,4 пайызға ұлғайып, 153,2 мың теңгені құ­рап отыр. Экономиканы кредиттеу көр­­­сеткіші 1,6 пайызға көбейіп, кө­лемі 12,5 триллион теңгеге жетті, – дей­ді Тимур Сүлейменов.
Қарап отырсақ, еліміздің орташа ж­а­ла­қысы жыл санап жоғарылауда. Мә­се­лен, 2015 жылы орташа жалақы мөлшері 136,1 мың теңгені құраса, 2016 жылы – 143,6 мың теңге, 2017 жылы 168,2 мың тең­ге бол­ған. Биыл айтып отырған 150 мың – тек I тоқсандағы мөлшері ғана. Де­мек, жыл аяғына дейін орташа еңбе­ка­қымыз жо­бамен – 160-170 мың теңгені маңай­ла­мақ. Жалпы, дәл қазіргі 153,2 мың теңге аз ақша емес. Доллар кур­сы­ның жоғарылап, ұлттық валютамыздың құн­сызданып бара жатқанын ескерсек тым көп те емес. Бірақ техникалық қыз­мет­кер, қара жұмысшыны былай қойған­да, педагогика, медицина, ғылым сала­сы­ның өкілдері де 150 мың тең­ге жалақы ал­майды. Министрлік мәлі­меті бойын­ша, салалық құрылымдарда ең көп жала­қы­ға ие – қаржы және сақтандыру қыз­­ме­тінде істейтіндер. Ай сайын 272,8 мың тең­ге алады. Олардан кейін ғылыми жә­­не техникалық қызмет атқаратындар (271,1 мың теңге) мен кен өндіру өнер­кә­сібі мен карьер (266 мың теңге), ақпарат жә­­не байланыс (215,7 мың теңге), өнер­кә­сіп (208,5 мың теңге) саласының өкіл­дері ор­наласқан.
– Орташа жалақы есептелу үшін ірі жә­­не шағын кәсіпорындардың есептері не­­гізге алынады. Төлем қорын жұмыс­шы­­лар­­дың орташа санына бөліп, орташа жа­ла­қыны есептеп шығарамыз. Оны есеп­те­ген кезде сыйақы, демалысқа тө­ле­­нетін ақы­ның барлығы төлем қоры­на қоса есеп­теледі. Сөйтіп, ортақ құнын көр­сете­міз, – деді түсінік берген Ста­тис­ти­ка ко­ми­­те­тінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.
Халықаралық еңбек ұйымының мәлі­ме­­тінше, әлемдегі ең көп жалақы мөл­шері Швей­царияда тіркелген: 3 855 дол­лар. Одан кейін 3 781 доллармен Ни­­дерланды жә­­не 3 565 доллармен Люксембург тұр. Бұл рейтингте Қазақстан орташа айлық жа­­­­­лақысы 480 доллар көрсеткішпен 85-орынға тұрақтаған. ТМД елдерінің
ар­а­сынан тек Ресейді алға жіберіппіз. Олар 69-орында: 615 доллар. Жалпы, тү­зі­лім­де 157 ел бар екенін еске салсақ, біз үшін 85-орын жақсы ма, әлде нашар ма, оны өзіңіз бағамдай жатарсыз.

Орташа айлық жалақымыз жыл сайын өсті деп қомпиғанымызбен, же­тіл­діретін тұстар әлі де баршылық. Әсі­ресе, білім саласы мамандарының аз жа­лақы алатыны өтірік емес. Мұны ми­нистрліктің өзі де мойын­дайды. Ұлттық эко­номика ми­нистр­лігі статистика ко­ми­теті ұсынған де­рек бойынша 2017 жылдың үшінші тоқ­санында білім беру қыз­меткерлерінің ор­таша жалақысы 90,4 мың теңгені құраған. Бұл республика бойын­ша орташа көрсет­кіш­тен 38,9 пайыз­ға төмен болып шығады. Осы­ған орай «Талап» қолданбалы зерттеу­лер ор­та­лығы» қоғамдық қорының дирек­то­ры Рахым Ошақбаев пікір білдірген.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 бұйрығымен – орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары бекітілген.

– Мұғалімдердің жалақысы жыл өт­кен сайын төмендеп бара жатыр. Ин­фля­ция есе­бінсіз жалақының атаулы өсімін қам­та­масыз ету тәсілі экономист ретінде бізді қат­ты таң қалдырады. Статистика коми­те­ті 2017 жылдың үшінші тоқсанын­да мұ­ға­лімдердің жалақысы 90 мың теңге болған де­ді. 2016 жылы бұл көрсеткіш Білім және ғы­лым министрлігі мәлімде­ген­­дей 99 мың емес, 94,5 мың теңге бол­ған. Егер 2012 жыл­мен салыстырар бол­сақ, білім беру қыз­меткерлерінің жа­­­лақысы 33 пайызға өс­кен. Бірақ инфляция көрсеткіші бойын­ша бағалар 45 пайызға артып кеткен, – дей­ді экономист.
Pro gente экономикалық зерттеу орта­лы­ғының жетекшісі Мақсат Халықтың айтуын­ша, орташа жалақы – нақты көр­сет­кіш болып табылмайды. Дегенмен ес­ке­ретін дүниелер бар.
– Орташа жалақыны шығару үшін – аза­маттардың жалақысын алады да біріктіріп қосып, адам санына қайта бөле са­лады. Сондықтан 150 мың теңгені елдің тұр­мыс деңгейін, даму сапасын анық­тай­тын көрсеткіш ретінде қарастыра алмай­мыз. Әрине, бұл дерек әкімдер, шенеу­нік­тердің «орташа жалақы осынша өсіп жа­тыр» деп ауыз толтырып айтуы үшін керек, – дейді экономист.
Әйткенмен, шенеуніктер әлі де болса құрғақ деректерге құрылған есеп-қисапқа сүйе­ніп жүр. Сүлейменовке салсақ, біз көз­­сіз дамудың жолына түсіппіз. Эко­но­мис­­тің пікірінше, мәселеге тура қа­рау ке­рек.
– Мұнай бағасы өсетін бол­са еліміз та­бысқа көбі­рек кенеледі де, бюджет тап­­шылығы жойылып кі­ріс кө­бейеді. соның нәтижесінде мемле­кет­тік қызмет­кер­лер­дің ж­а­лақысын жоғары­ла­ту мүм­кіндігі артады. Сол се­бепті, әлемдік на­рық­та­ғы жағдай жалақының өсуіне оңтай­лы әсерін тигі­зе­ді. Өйткені бюд­же­тіміздің көп бө­лігін мұ­найдан түсетін та­быс құрай­ды. Ал енді девальва­ция­лық жағ­дайлар немесе теңгенің еркін айна­лым­ға кет­кен­нен бергі қозғалысы – ха­лық­­­тың сатып алу қа­білетін тіптен тө­мен­де­тіп жіберді. Бізде ше­неуніктер, әсі­ресе эко­номика ми­нистр­лігінің мә­лі­меттерінде «номиналды жалақы өсіп келе жатыр» деп көрсетеді. Бірақ біз номиналды емес, нақ­ты жала­қыны айтуымыз керек. Нақты жа­­л­ақы деген сөз – халық қолындағы ақ­шаға күн­көрісі үшін нақты қандай тауар са­тып ала алады дегенді айғақ­тайтын көр­сеткіш. Яғни, нақты жала­қының мөлшері ғана халық­тың тұрмыс дең­гейін анық­тап бере алады. Ме­нің ойым­ша, шенділер есеп бер­ген кезде номиналды көр­­сет­кіш­тер­ге мән бер­мей, нақты көрсет­кіш­терге ар­қа сүйе­гені дұрыс. Себебі, бізде инфля­ция деңгейі жоға­ры, ақша­ның құнсыз­дану дә­режесі жоғары, баға тез өсіп кетеді. Тең­ге еркін айн­а­лым­­ға кеткелі бері халықтың қо­лындағы қа­ражат кәдім­гі­дей жұтап қал­ды. Төлем қа­білеттері тө­мен­деген, – де­ді маман.

P.S.

Расында, шенеуніктердің баяндамасы мен күнделікті тіршілікті салыстыра алмайсыз. Екеуі екі әлемде ғұмыр кешіп жатқандай. Бірер күн бұрын ғана қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «министрліктер бюджет қаржысын игере алмай жатыр» деп шырылдады. Ал бір жағынан – теңге құнсыз, доллар қымбат, мұнай арзан… бұдан келіп бюджет тапшылығы туындайды. Түсінуге тұрарлық, бірақ ақылға сыймайтын ғажайыптар әлемінде жүргендейміз…

Абай АЙМАҒАМБЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*