Қауіпсіздік мәселесі қаралды

472
0
Бөлісу:

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Атырау облысында өңірдің дамуына және қауіпсіздікке қатысты мәселелер жөнінде кеңес өтті.
Жиынға Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, орталық және жергілікті ат­қарушы органдардың, жетекші мұ­найгаз кәсіпорын­дардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында ұлттық қауіпсіз­діктің басым міндеттерін іске асыру аясындағы облыс­тың орнықты да­муы­ның өзекті мәсе­лелері қаралды. Атап айтқанда, мұнай-газ инфрақұрылымы нысандарының қорғалу жай-күйі және экологиялық қауіпсіздіктің түрлі мә­селелері талқыланды.
Балық ресурстарын заңсыз өндіру мен контрабандаға қарсы іс-қимылды күшейту, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлау және олардың заңсыз айналымын тоқтату, діни экстремизм­нің алдын алу мәселелері қарасты­рылды.
Іс-шара нәтижесінде аталған мәсе­лелер бойынша нақты ұсыныстар ай­ты­лып, орталық және жергілікті атқа­рушы органдарға тапсыр­малар берілді.

А.АХМЕТҚАЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*