Астана мен Сеул: сенімге негізделген достық

796
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтас­тықтың өзекті мәселелерін және екі ел ара­сын­дағы сауда-экономикалық қарым-қатынас­тардың даму перспективаларын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республи­касының Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.
– Астана мен Сеул арасында сенімге не­гіз­делген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Эко­номикалық және гуманитарлық өзара ықпал­дас­тықтың көптеген мәселелері шешімін та­буда. Сіздердің Орталық Азияда жүргізіп жат­қан белсенді жұмыстарыңызды қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Корея Республикасының Сыртқы істер ми­нистрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ри­зашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан ал­ған әсері жөнінде айтты.
– Бұл – Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін бұл сапар елор­даларыңыздың 20 жылдығын мерекелеу қар­саңында өтуінің мәні зор. Осы кезең ішінде Астана дамудың үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым, – деді Кан Гён Хва.
Кездесуде Сыртқы істер ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының прези­денті Мун Чже Иннің ыстық ықыласын жеткізді.
– Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті, – деді Кан Гён Хва.

Бөлісу:

Пікір жазу


*