Сарапшылармен кеңесті

690
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында Үшінші жаңғыру (Жаңғырту 3.0) тұрғысынан ұлттық эконо­ми­каны дамыту мәселелері және әлемнің 30 озық дамыған елінің қатарына қосылу жөніндегі жалпыұлттық міндеттер талқыланды.
Сараптама кеңесінде Үкімет басшысының орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы
А.Мырзахметов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү.Шаяхметова, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е.Әбдіразақов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж.Күлекеев, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы
А.Боранбаев, Oil Gas Project ЖШС директоры Ж.Ахметов және басқалары сөз сөйледі.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*