Президент көңіл айтты

1077
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Алжир Халық Демократиялық Республикасының президенті Әбдел Әзиз Бутефлиқаға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті Алжирдің Буфарик қаласы маңында жүк тасы­малдайтын әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адам­ның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына көңіл ай­тып, қайғыларына ортақтас­ты­ғымды білдіремін» делінген жедел­хатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*